#шебердіңқолыалтын
3-модуль. АКТ құралдары
16
файлдармен, сілтемелермен және басқа да контентпен бөлісу үшін чат
белгішесін басыңыз. Жіберілген хабарламалар ағымдағы кездесудің
аяғына дейін қолжетімді болады.
Кездесулерді ұйымдастырушылар үшін басқару құралы
Кез келген қатысушы терезені бекітіп, микрофонды өшіріп немесе
басқа қолданушыны шығарып жібере алады. Құпиялықты қамтамасыз
ету мақсатында сіз басқа қатысушының микрофонын қоса алмайсыз.
Одан өздігінен қосуды сұрайсыз.
Оқу аккаунттарын қолданған кезде микрофондарды өшіруді және
қолданушыларды шығарып жіберуді кездесу ұйымдастырушы істей
алады.
Алдын ала қарау экраны және бейне мен дыбысты теңшеу
Кездесудің кодына немесе сілтемесіне басу арқылы камера мен
микрофонды теңшеп, өзіңіздің экранда қалай көрінетініңізді қарап
алуға болады. Сонымен қатар сіз кездесуге кімдердің қатысып
отырғанын алдын ала көре аласыз.
Қатысушыларға экранды көрсету
Таныстырылым өткізу не болмаса құжаттармен бірлесіп жұмыс
істеу үшін экранды толығымен немесе қажетті қосымша терезесін
көрсетіңіз.
Экранды теңшеу және терезелердің орналасу сызбалары
Meet бейнекездесу экранындағы терезелердің орналасуын
маңызды контентке және белсенді қатысушыларға назар аударту үшін
автоматты түрде өзгертіп отырады.
Терезелердің орналасу сұлбасын өзгерту үшін Meet экранының
төменгі бұрышындағы үш нүкте түріндегі белгішені басу қажет.
Әртүрлі құрылғылармен үйлесімділігі
Google Meet кез келген құрылғыда жұмыс істейді. Кездесуге
компьютердің
немесе
ноутбуктің
көмегімен,
сондай-ақ
Android немесе iPhone/iPad құрылғыларынан қосылуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: