#шебердіңқолыалтын
3-модуль. АКТ құралдары
18
https://www.wiziq.com/
WIZIQ
Білім беру саласы үшін
арнайы жасақталған заманауи WizIQ
виртуалды сыныбы сыныптағы бетпе-бет өтетін сабақтарға ұқсату
үшін қажетті барлық
функциялар мен құралдарды ұсынады. Онда нақты
уақыт режимінде аудиовизуальдық қарым-қатынас сияқты функциялар,
мәтіндік чат, талқылау бөлмелері, интерактивтік тақталар,
экранды
бірлесіп пайдалану, онлайн-тестілер және бағалар, қатысу туралы
есептер мен ескертулер, сауалнамалар және тағы басқалары бар.
WizIQ оқытушылар үшін қолжетімді болып табылатын анағұрлым
тегіс қамти алатын онлайн-оқыту жүйесінің ұсынады.
Педагогтер
бейнелі сабақтардан тұратын синхронды курстар немесе өз бетінше
бейсинхронды оқыту курстарын жасақтай алады. Бұл оқытушылардың
өз оқу бағдарламаларына іс жүзінде Word, PDF, PPT, аудио- және
бейнефайлдар сияқты кез келген үлгідегі
оқу бағдарламалары мен
файлдарды қосу мүмкіндігін береді.
WizIQ Virtual Classroom-ды қолдану үшін жүктеу немесе қолайсыз
клиенттік бағдарламалық қамту талап етілмейді. Ол кез келген веб-
браузерден жұмыс істейді, сонымен
бірге iPad және Android
құрылғылары үшін қосымшалар ұсынады. Бар болғаны, веб-қосылым
керек.
Оның көп тілді интерфейсі бар және 20 тілді сүйемелдейді. WizIQ
Virtual Classroom сондай-ақ Moodle, Blackboard,
Instructure Canvas, Sakai,
Joomla сияқты оқытуды басқару жүйелерімен немесе API WizIQ арқылы
кез келген веб-сайтпен ықпалдаса алады.
Білім беру саласы үшін арнайы жасақталған: Интернетте оқытуға
қажетті функциялардың кейбірін ғана ұсынатын басқа платформалардан
айырмашылығы – WizIQ Virtual Classroom Интернетте сабақтар өткізуге
қажетті барлық құралдардың әмбебап дүкенін ұсынады. Платформа
оқытушыға виртуалды сыныптан бастап бағалау құралдары мен контент
алмасу мүмкіндіктері бар курстарды жасақтауға және өткізуге мүмкіндік
беретін функционалдыққа дейін онлайн режимінде оқытуға қажеттінің
бәрін ұсынып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: