#шебердіңқолыалтын
3-модуль. АКТ құралдары
41
https://www.google.com/calendar/about/
GOOGLE КҮНТІЗБЕ
Google Күнтізбе — тапсырманы жоспарлаушы. Онда белгілі бір
күнде орындалуы тиіс міндет карточкалары жасалады. Барлық
тапсырмалар бойынша поштаға хабарлама келеді. Егер де қандай да
бір тапсырмалар орындалмаса немесе жеделдікті талап етпесе,
оларды күнтізбеде басқа күнге ауыстыруға болады. Құрал әмбебап
және күнделікті тапсырмалармен қатар бизнес үдерістерді жоспарлау
үшін қолайлы.
Google Күнтізбеде не істеуге болады:
Күнделікті міндеттері бар to-do парағын құру — поштаны
тексеру, оқушылардың жұмысын тексеру, оқушыларға үй жұмысы
туралы ескерту жасау және т. б.
Контент жоспарын әзірлеу — өз блогын, арнасын, әлеуметтік
желілердегі бетті жүргізетіндер үшін ыңғайлы. Эфир тақырыптарын
жазып шығуға, олардың саны мен жалғасын анықтауға,
жарияланымдарды қай күні шығару керектігін белгілеп қоюға
болады;
Оқушылар үшін тапсырмалар тізімін жасау — оқушылар үшін
бірнеше күнтізбелер жасауға және әрбір оқушыға апта немесе ай
бойында қандай міндеттер орындау керектігін жазып, жоспарлап
қоюға болады. Сондай-ақ кез-келген оқушы өзінің шағын жоспарын
құрып, оның орындалуын бақылай алады. Күнтізбе жобалар аясында
бірлескен жұмысты жүзеге асыру мақсатында жиі қолданылады.
Кездесулер кестесін жасау — маңызды кездесуді жіберіп
алмауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: