#шебердіңқолыалтын
3-модуль. АКТ құралдары
46
TELEGRAM
Telegram — көптеген
форматтағы хабарламар және
медиафайлдармен алмасуға мүмкіндік беретін кроссплатформалық
мессенджер.
Telegram мүмкіндіктері:
• Бүкіл әлемдегі қолданушылармен онлайн қарым-
қатынас жасау. Дыбыс сапасы жоғары аудиоқоңырауларды жүзеге
асыруға болады.
• Көлемі 1,5 ГБ-тан аспайтын түрлі форматтағы (фото,
аудио, бейне және т.б.) файлдарды жіберу және алу.
• Қатысушылар саны 200-ге дейін жететін, соның ішінде
құпияланған топтық чаттар құру. Соңғысы шифрлау арқылы мүмкін.
Тіпті телефон бөтен адамдардың қолына түсіп
қалған жағдайда
хабарламалардың басқаларға белгісіз болмайтынына қосымша
функция өзін-өзі жою таймері арқылы кепілдік береді.
Оны іске
қосқан кезде белгілі бір уақыт өткен соң хабарламалар чат, телефон
және сервер жадынан жойылады. Сонымен қатар, егер хабарлама бар
экран фотосуреті жасалса, жіберуші бұл туралы ескерту алады.
• Супер топтарда қарым-қатынасты ұйымдастыру — 10
мың адамға дейін. Хабарламаларды
модерациялайтын және
қатысушыларға шектеу қолдана алатын әкімші бар.
• Юзернеймдер қолдану — аталған функция адамның
телефон
нөмірін білмей, оны тауып алуға мүмкіндік береді.
• Қызығушылықтары бойынша топтарды табу және
олардың талқылауларына қатысу.
• Дыбыстық хабарламалар жазу және оларды жіберу.
• Көруге арналған өзіндік каналдар құру.
Мұнда кез-
келген мазмұн бар: бизнес-вебинарлар мен саяси талқылаулардан
бастап аспаздық рецептілер мен балаларға арналған ойын-сауыққа
дейін.