2. Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты әрекеті
Жоспар:
1. Ойын бала психикасын дамытушы басты құрал
2. Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері
3. Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері
4. Еңбек пен оқыту әрекетінің бала психикасының дамуына
тигізетін ықпалы
ойын бала психикасын дамытушы басты құрал
Ойын мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекетін дамытуда негізгі
жетекші рөл атқарады.
Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар мен
педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын
тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойынды тиімді пайдалану
мүмкіндіктерін зерттейді.
Ойын теориясына елеулі үлес қосқан А. К. Крупская. Балалар
ойынының әлеуметтік сипатын, оның өмір құбылыстарын бейнелейтінін
атап көрсете келіп ойынды баланың қоршаған болмыс жөніндегі әсері
мен ұғымын кеңейтудің құралы деп білді.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы
бар, «ойын олар үшін оқу, еңбек және тәрбиенің нақты формасы» деді.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін қоршаған ортаны танып
білу формасы. Ойынның әлеуметтік сипаты белгілі бір қоғамда өмір
сүретіндігіне байланысты және ойын қарым-қатынас құралы.
Алдымен баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соны
ашып алау қажет. Өткен ғасырдағы кейбір оқымысты ғалымдардың
айтуынша Шиллер «Бала қозғалмай, әр нәрсемен айналыспай көп
отырса, соның салдарынан жұмсалмай қалған қуат жиналады да соны
жұмсау қажеттілігі баланы ойнауға итермелейді». Бірақ бұл пікірге
көптеген психологтар қарсы болған. Тек жұмсалмай қалған қуат
күші жиналған балаларға ғана емес, кейбір шаршап отырған балалар
да ойнайсың ба сұрағанда ойнаймын деп жауап береді. Соны есепке
алып Австрия психологы К.Бюллер жұмсалмай қалған қуат теориясы
баланың не себепті ойнайтынын дәледей алмайды деп ойынның себебін
рахаттанумен байланыстырады. Себебі бала ойыны сол кезде мәз болып
рахаттануымен ұштастырылмаса, екінші рет ойнағысы келмес еді.
Көрнекті орыс марксистерінің бірі Г. В. Плеханов «Бала ойын
кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан ойын
142
еңбектің інісі» деген. Бірақта баланың ойнауына не себеп болатыны
әлі анықталмаған. Себебі тек бала емес, жануарлардың төлдері, тіпті
балапандар да ойнайды. Ойын тек адам баласына емес жаунарларға
да тән болғандықтан жалпы айтқанда тіршілік репетициясы сияқты
әрекет. Олар үлкендердің әрекетін нақты қайталай алмайды, бірақ өзін-
өзі соған даярлау керек.
Бірақ ұзақ тарихи дамуда баланың ойыны үлкендердің ісін үйренуге
арналған. Ерте кезде ойын баланың негізгі әрекеті болып есептелмеді,
жұмыстан қолы босаған кезде ғана бала ойнайтын болды.
Ойын кезінде түгелдей үлкендерден көргенін, олардың өзара
қарым-қатынастарын және басқа әрекеттерін бейнелейді және неғұрлым
белсенді әрекет етуге мүмкіндігі болса, соғұрлым ойын қызықты
болады. Осындай жағдайда бала үлкендердің еңбегін қайталау үшін
ойыншықты сол зат етіп пайдаланады.
Бала ойынының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А. С.
Макаренко былай деген: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор. Ересек
адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін нақ
сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай
болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан
басталады».
Ойынға ерекше мән беріп А. П. Усова «Ойын басқа тәрбие
формаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады. Өйткені ол барлық
тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға, олардың белсенділігін арттырып, өз
бетінше әрекет етуге мүмкіндік береді» деген.
Ойында тек жекелеген қимыл қозғалыстар емес, біріккен әрекеттер
жүзеге асады. Бұл әрекетте бір-бірімен тілдесу арқылы қарым-қатынас
негізінде жүзеге асады.
Адамның басқа әрекеттері сияқты бала ойынының да әлеуметтік
сипаты болады. Сондықтан ойынның мазмұны адамның өмірі мен
тарихи өзгешеліктеріне байланысты ауысып отырады. Баланың
ойынының өзгеруі де өзгерген өмір бейнесін көрсетеді. Мысалы, 1941
жылы балалар ойынының мазмұны өз жауына қарсы күресу, тамақты
карточкамен алу болса, қазіргі бала ойыны мүлде басқа.
Бала өз ойынында шығармашылық шындықты бейнелейді. Кейде
өз қиялы бойынша фантазиясы мен ойынның мазмұнын өзгертеді.
Бала ойында өзінің басында бар біліміне сүйенеді және ойынды
өз танымы мен адамгершілігіне, қабілетіне байланысты дамытып
отырады. Мысалы, дүкен, сатушы, дәрігер ойындарын ойнау үшін
балада олар туралы түсінік мағлұмат болуы керек. Сондықтан бала
ойыны үлкендердің еңбегін бақылаудың негізі болып есептеледі.
143
Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың
рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі,
қызығушылығы артады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-
қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында бала ойын мазмұнын түсінікті
етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға
талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық
іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды.
Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы
дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойын барысына
қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер бірге ойнап
отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге
қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен
түсіну қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Сонымен, балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін
көрнекті орыс педагогтары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д.
Ушинский, П. Г. Саморукова, психолог-ғалымдар Д. Б. Эльконин, А.
В. Черков, Р. М. Римбург, А. В. Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер
жазған. Н. К. Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап
ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса
маңыздылығын атап көрсетеді.
«Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын
үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі
иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, өз ойын
білдіру әрекетін көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде
балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап
болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді» - деген
болатын.
Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі»
еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және
ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.
Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дамытуда да
ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-
ғалымы Ш. Уәлиханов, ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин, қазақ
зиялылары. А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Н. Құлжанова,
М. Жұмабаев және т.б. атап көрсеткен. М. Жұмабаев «Педагогика»
еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін
көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға, жан көріністерін (есту,
144
сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте
дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін
тұжырымдаған.
Балалардың ойынға деген қызығушылығы және оның
бала өміріндегі мәні психологиялық-педагогикалық мақсаттарда
пайдаланылады. Балаларды физикалық, тілдік тұрғыдан дамытуда,
өлшем бірлігімен, түс және форма ұғымдарымен таныстыруда
дидактикалық ойындар таңдалып алынады. Бұл ойындар балалардың
ерік күшін, тілін, қимыл-қозғалысын, ақыл-ойы мен қажырлығын
қалыптастырады.
Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды
меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың
әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері
мол. Ойынның мектепалды даярлық топ балаларына тәрбиелік
тұрғыдан ықпал ететін мүмкіндіктерінің бар екені күмәнсыз: дұрыс
ұйымдастырылған ойын балалардың тілін дамытып қана қоймайды,
сабаққа, енбекке баулиды. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің
басты түріне айналады, алайда, бұл баланың көп уақытын өзіне
қызғылықты ойындармен өткізетіндігінде емес, ойын баланың
психикасында сапалық өзгерістер туғызып, тілін дамытуға ықпал
ететіндігімен байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып
қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, сол рөлге
сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала аттың немесе қорқынышты аңның
орнында тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін,
ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты
міндеттер – баланың өз басына алған рөлді орындау қажет екендігін
сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған рөлін дұрыс орындауды
күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының рөлінде бала
өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді.
Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және
тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға
қатысушылардың рөлін орындайтын басқалардың құқықтарына ие
болады. Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар
сөресінде бар кез келген затты жіберуді талап етуге және басқа сатып
алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар.
Кезінде, К. Д. Ушинский байқаған ерекше мәнді дидактикалық
бір жағдайға тоқталайық: үнемі баланың тілін жөндеп отыру тіпті
балаларға елеусіз іс болып қалады, өйткені тілден кеткен қате
жол-жөнекей түзетіледі немесе балаларды жалықтырып жібереді.
145
Балаларға тіл үйрету мұндай қателерді болдырмау жағын ойластыруға
мүмкіңдіктер береді, сол арқылы тәрбиеші бұл істен босатады, ал
баланы оның қатесін түзетуден сақтандырады. Әрине, бұл ережені
ерекшелеп байыптауға болады, алайда тіл үйрету процесі өзінен-өзі-ақ
оның дұрыс дамуын қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар, оқыту жайшылықта нашар дамитын, біраз
жекелеген ерекшеліктер арқылы көрінетін тіл дамуыңдағы сапаларды
да қамтиды. Балалар ойын кезінде бір-бірімен қарым-қатынас жасауды
сүйеді. Алайда, мектепке дейінгі балалардың бәрі бірдей тілінің дұрыс
қалыптаспауының салдарынан ойын кезінде қарым-қатынас жасауда
еркін араласа алмайды. Балалардың тілін дамытуда заңдылықтарды
ескере отырып жасалған жоспарлы ойын арқылы оқыту тәсілдері
баланың тілін қалыптастыруды жеңілдетеді.
Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргеңдей, алты жасар балалар
ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл-ойы,
тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын,
тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, мектепалды даярлық тобында балалардың тілін
дамытуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты
болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы
сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне,
осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда
пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана,
ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол,
теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты,
аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ақбайпақ, ормандағы аю, мысық
пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр
теке, жырадағы қасқыр.
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты
серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік,
әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы,
тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары
төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторларды
пайдалану;
1. Спорттық ойындар: футбол, воллейбол, теннис, хоккей,
баскетбол;
146
2. Рөлді-сюжетті ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына
оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру,
сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу үдерістері дамып, заттарды пішініне,
түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға
үйренеді.
Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш
келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді
пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін
тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді.
Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды.
Құрылыс материалдарының пішіні, түсі бойынша симметриялы
орналастырып, оларды көлемі (кең-тар), биіктігі (биік-аласа) бойынша
салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн
ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының
тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Ұлттық қимылды ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар
қолданады. Мұндай ойындарда балалардың тілі, сөздік қоры дамып,
қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық,
тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты
қасиеттерге тәрбиеленеді.
Кейіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде
құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады.
Ойында ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар
өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді,
тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының
қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойында
адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы,
арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке
құлшынысы көрініс табады.
Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да,
бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан алуан, әрі қызғылықты.
Олар: «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың
айтысы» т.б. Мәселен «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің
талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын
бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді.
Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты үғымды, шығармашылық
147
қабілетті, жеке және топтанып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін
дамытады. Ойын ережелерінің бала үшін тәрбиелік маңызы бар. Олар
ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін,
олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерінің қалыптасуына
ықпал етеді.
Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері туралы айтсақ,
біріншіден, ұлттық ойындар мазмұны жағынан да мәнерлі әрі түсінікті.
Ойын балалардың ақыл-ойының белсенді жұмыс істеуіне, дүние
танымының кеңеюіне, қоршаған ортаға деген кезқарасын нақтылап,
барлық психикалық үдерістерді жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Екіншіден, ойын ережелерінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін
үлкен тәрбиелік мән бар. Ұлттық ойындар тәрбиеленушіге халықтың
салт-дәстүрі мен тұрмыстық шаруашылық еңбегі туралы түсінік береді.
Үшіншіден, тәрбиеленушінің қимыл-қозғалысын дамытып, дене
тұлғасының дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Төртіншіден,
бала қиялын, ақыл-ойын дене қимылын дамытатын тәрбие құралы.
Бесіншіден, ұлттық ойындар баланың тілін ширатады, ойын дамытады,
зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, зерделілікті, кеңістікті
бағдарлай білуді, әрекет үйлесімділігін, өжеттілікті, тапқырлықты,
шапшаңдықты, төзімділікті, мергендікті, батылдықты дамытады.
Тақырыбымызға орай таңдап алынған мектепалды даярлық
топ балаларымен ойналатын ұлттық ойындар: «Қасқыр қақпан»,
«Арқан тарту», «Ақсерек-көксерек», «Айгөлек», «Асық ойыны»,
т.б. балалардың ширақтық, қозғалғыштық, жинақылық сияқты жеке
тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, тілін дамып, сөздік қоры
молаяды және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймыз.
Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы В. А. Сухомлинский
былай деп жазады: «Ойын дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы
терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы
түсініктердің, ұғымдардың ширек тасқыны келіп құйылады. Ойын
дегеніміз - бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын».
Дидактикалық ойындарды оқыту үдерісінде кеңінен пайдалана отырып
балалардың тілін дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Әрбір
ойынның өзіндік ережесімен ойнау тәртібін біліп, рөлдік сипатын
сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Ол балалардың білімге деген
ынта-ықыласын оятып, танымдылық белсеңділігін арттыруға үлкен
жол ашады. Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы
тиіс. Олар:
- дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды
болуы міндетті;
148
- дидактикалық ойындарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі
және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет;
- ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен
орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге
ықпал етуі керек:
- дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне
сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың
мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
- дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен
көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы
тез әрі жеңіл болуы шарт.
Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда
балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар
алған білімді бекітуге ықпал жасайды.
Дидактикалық ойындарға «Жемістер», «Жануарлар», «Қуыршақты
киіңдір», т.б., ал арнайы таңдалып алынған ойындарға («Не жоқ?»,
Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы саңдық», «Ғажайып қоржын»
т.б.). Ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде
қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады. Ойындарда
викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, ойлан таптар «Кім
не істеді?», «Не қалай дыбыстайды?», «Қай дыбыстан басталады?»
болады. Осыңдай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор.
Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен
жазуға тез бейімделеді.
Қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл
ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады.
Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының
қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек?», «Мысық пен
тышқан», «Сыңарыңды тап», «Көңілді поезд», «Ақ терек, көк терек»,
т.б.
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-
әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы,
«Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды
ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және
ойын логикасын жасайды. Сонымен қатар, бұл ойындар балаларды
кішіпейілділікке, бауырмашылдыққа тәрбелейді. Балалардың сөздік
қорын молайтып, тіл байлығын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |