Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет76/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

бала есімі өзгертіліп берілді).
Әрине, Сәбитке ұқсаған балалар өте сирек. Әдетте балалардың 
айтарлықтай берік танымдық ынталары тек мектепке дейінгі шақтың 
ақырында, жақсы ұйымдастырылған үйрету жағдайында пайда болады.
Мұнда мектепке дейінгі оқудың мазмұны негізгі рөл атқарады.
Егер сабақ үстінде болмыстың әр саласына тән құбылыстардың 
негізгі қасиеттері балалар алдында жеке де бытыраңқы мәліметтер 
түрінде берілмей, білімнің белгілі бір жүйесі түрінде берілсе, 
математикаға, тілге, жанды және жансыз табиғатқа деген ынта, тиісті 
дәрежеде балалардың бәрінде де пайда болатынын зерттеулер көрсетті. 
Математика саласында бұл өлшемнің өлшенетін затқа, бөліктің 
бүтінге, бірліктің көпке қатысы, тіл саласында сөз құрылысының оның 
мәніне қатысы, жанды табиғат саласында жануарлар мен өсімдіктер 
құрылысындағы ерекшеліктердің олардың өмір сүру жағдайларына 
қатысы т. б.
Балалар осындай жалпы заңдылықтармен танысқанда, жеке 
жағдайда олардың байқауларын зор ынтамен қадағалайды, олардың 
алдынан қоршаған дүниенің жаңа жақтары ашыла бастайды және олар 
оқудың ғажайып асуларға апаратын жол екенін көре бартайды.
Берік және бөлшектелген танымдық ынталар балада оқуға 
үздіксіз жаңа білім алуга деген тілек тудырады. Оқи білу алдымен 
оқу тапсырмасының мәнін үйрету үшін орындалатын тапсырма екенін, 
оқу тапсырмасын практикалық жағдайлардан ажырата білуді түсінуге 
меңзейді. Математикалық есепті таңдап алған мектеп жасына дейінгі 
бала өз ықыласын оны шығару үшін қандай іс-әрекеттерді орындау 
қажет екеніне емес, есептің шартында сипатталған жағдайға аударады. 
Мысалы: Анасы төрт конфет жеді, ал өзінің ұлына екі конфет берді. 
Екеуі қосылып неше конфет жеді?» - деген есепті шығарудан бас 
тартып, ондағы сипатталған «әділетсіздікке» ашуланды. «Ал анасы 
Арманға конфетті неге аз берді. Тең бөліп беру керек еді?» - дейді. 
Басқа жағдайларда бала есептің жауабын тезірек табуға тырысады 


163
және бұл иін өзіне таныс қосу мен алу амалдарын жорамалдап қолдана 
алады. Мұның екеуі де оқи білмеудің белгілері. Есептің шарттарында 
сипатталған жағдайдың өзінен-өзі, өмірдегі жағдайдың сипаттамасы 
ретінде, басты орын алатындығында емес, жалпы есептерді шығаруды 
үйрену материалы ретінде қызмет атқаратындығында екенін, есеп 
шығарудың мәні оның жауабын тезірек алумен тынбайтындығын, оған 
қоса есеп шарттарына сүйене отырып, қандай арифметикалық амалды 
қолдану қажеттігін дұрыс анықтау және осы іскерлікпен алдағы уақытта 
да пайдалану екенін бала түсінуі тиіс.
Мектепке дейінгі кішкентайлар және естиярлар шағында балалар 
оқу тапсырмасын тек одан алған білім мен дағдыны бірден ойын 
ойнағанда, сурет салуда немесе іс-әрекеттің өзге бір тартымды түріне 
пайдалануы мүмкін болғанда ғана қабылдайды.
Арнайы ұйымдастырылған үйрету жағдайларында мектепке дейінгі 
ересек жастағы балалардың меңгергенді бірден жүзеге асыру мүмкіндігі 
мен байланыстан тыс тапсырмаларды қабылдай білуі қалыптасады. 
Білімді игерудің келешекте «пайдасы» тиетіні мүмкін болып шығады.
Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақтың ішінде тікелей оқу 
тапсырмасының формасына қарағанда, дидактикалық ойын білімді 
игерудің тиімді құралы болып табылатынын байқаулар көрсетіп 
отыр. Алайда егер мектепке дейінгі кішкентайлар мен естияр шақта 
айырмашылық зор болса, ересектерде де бұл айырма едәуір төмендейді. 
Бұл балалардың оқу тапсырмасын қабылдау іскерлігі артқандығының 
айқын көрсеткіші болып табылады.
Оқу тапсырмаларының мәнін түсіну балалардың үлкендердің 
берген амалдарды орындау тәсілдеріне назар аудара бастауына, осы 
тәсілдерді саналы түрде игеруге тырысуына жеткізеді. Мектеп жасына 
дейінгі балалар мақсатқа бағытталған бақылауға, заттарды сипаттауға, 
салыстыруға және топтауға, әңгімелер мен суреттердің мазмұнын 
байланысты түрде баяндауға, есептеу мен арифметикалық есептерді 
шығарудың тәсілдерін үйрене бастайды. Негізгі мәнге тапсырманы 
орындаудың дұрыстығы, үлкендер қойған талаптарды бұзбау ие 
болады. Бұл жағдайда балалар үлкендерге қарайды, қандай да бір 
талаптарының орындалу дұрыстығына баға беруді өтінеді. Мысалы, 
кеңістік қатынастарын (үлгі бойынша өрнек салғаңда) дәл көшіруге 
мектепке дейінгі ересектерді үйрету үдерісінде балалар тәрбиешіге 
әлденеше рет сұрақ берді: «Қараңызшы, менің жасап отырғаным дұрыс 
па?», «Бұрышқа бұрыш түйісуі, мына үшбұрыш анау үшбұрышқа қарсы 
орналасуы қажет. Дұрыс па?».


164
Үлкен адамның балалар жұмысына беретін бағасы, әр қилы 
баланың, жұмыс барысы мен нәтижелерін салыстыруы арқылы, бала өз 
іс-әрекетін өзі біршама дұрыс бақылай, өз білімі мен іскерлігін бағалай 
бастайды, Ол тапсырмаларын орындауға байланысты өзін-өзі тексеру, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет