мақсаты ашық баяндалған шағын хабарламаларды қабылдау оқырман үшін қиындық
туғызбайды. Ал автордың түпкі ойы әр түрлі лексикалық бірліктердің айшықтала қолданылуы
арқылы, түрлі синтаксистік композицияларда безендірілген, бірнеше тақырыпты қамтитын
күрделі мәтіннің қабылдануы оқырман тарапынан тілдік біліктілікті, саяси сауаттылықты,
проблемадан хабардарлықты, бір сөзбен айтқанда энциклопедиялық білім қорының болуын
қажет етеді.
Енді «Егемен Қазақстанда» (26.06.04
) «Жанайқай» айдарымен жарық көрген
«Қазақ жетіміне
қажеті америкалық бесік пе?» атты көлемді, проблемалық мақаланың интерпретациялануына
тоқталайық. Ең алдымен көзге түсетіні – көлемді мақаланың ортасына ойылып қойылған
сұрғылт фонда қалың қара бояумен берілген
тақырыпат. Бұл – мәтінді интерпретациялаудың
I сатысы –
зейін қоюдың еріксіз назар аудартатын түрі. Мақала
тақырыпатының формалық
жағынан ірілендіріліп, қою қара бояумен берілуі еріксіз назар аударту тәсілі ретінде танылады.
Интерпретацияның II сатысы –
түсінілім – жүзеге асуы үшін мақаламен толық танысқан
адресат онда берілген мәліметтердің растығына (
негізділік) көз жеткізіп, фактілерге назар
аударады. Бұл мақалада көтерілген проблеманы дұрыс түсіну үшін адресат ондағы сөздердің
ауыспалы мағыналарын терең түсініп, қазақ менталитетіне тән сөздердің семантикалық
аясына қатысты кодты мүмкіндігінше ашуға тырысады. 6 лексикалық бірліктен тұратын
тақырыпаттағы екі сөз ұлттық-мәдени елтанымдық бірліктер, яғни
лингвокультуремалар:
жетім және
бесік. Бұл сөздердің тек тура мағынасын білетін жас,
тәжірибесіз оқырмандар (балалар) оның қолданылу себебіне мән бермейді, ондағы астарлы
ойды да түсінбейді. Олардың түсінігінде жетім – ата-анасы жоқ бала, ал бесік – сәби
ұйықтайтын кереует есебінде. Яғни ойды жеткізуге қажетті сөздердің дәл таңдалып
алынуы (
анықтық) келтіріліп отырған фактінің шынайылығы, растығы (
негізділік) айқын
болғанымен өзге екі белгінің (
тереңдік, толық ұғыну) өз деңгейінде танылмауы мәтіннің
түсінілуіне кедергі болады. Соған сәйкес журналист көздеген мақсатына қол жеткізе алмауы
да мүмкін, яғни мәтінді үстірт түсінген оқырман «қамқоршысынан айырылған шарасыз сәбиді
бауырына басып, басқа ата-аналар отбасына алғанда тұрған не бар?» деген ой туындайды
да, автордың прагматикалық ұстанымы жүзеге аспай қалады. Яғни адресанттың «жанайқайы»
адресаттың «құлағына тигенімен, жүрегіне жетпейді». Демек, мұнда автордың мәтінді салған
коды толық ашылмайды. Аталмыш лексикалық бірліктердің аса кең семантикалық аясын,
потенциалын жақсы білетін қазақ менталитетіне сай ойлайтын, өмір көрген, тәжірибелі
адресат бұл мәтінді түсінуге қатысты төрт белгіні (тереңдік, негізділік, анықтық, толық ұғыну)
дөп басып, дәл анықтайды, соның нәтижесінде мәтіндегі негізгі идеяны және автордың түпкі
ойын адекватты түрде түсінеді. Осындағы
Достарыңызбен бөлісу: