Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


КІРІСПЕ   Зерттеу жұмысының өзектілігі



Pdf көрінісі
бет2/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

КІРІСПЕ  
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл көлемінде 
қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер 
орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық 
ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы 
ақпараттық 
кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына 
жол ашты. Бұған жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып 
тасталуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы 
баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық 
кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, 
бұрынғы ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен 
аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, 
көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды. 
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық
мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық 
қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми 
жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал 
болғандықтан журналистер қауымын 
ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп 
тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып 
көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін 
медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты 
жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді 
баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі 
ұғым 
мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ 
арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі 
біріге келіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет