Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


ұлт танымында, тілдік ұжым санасында  қалыптасып, мықтап орныққан  құндылықтың бұзылуы



Pdf көрінісі
бет23/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

ұлт танымында, тілдік ұжым санасында 
қалыптасып, мықтап орныққан 
құндылықтың бұзылуы деп бағалауға болады. 
Яғни оқиға – ситуацияларға орай жоғары, биік, асқақ сезімдермен байланыста 
ассоциацияланатын 
рухани құндылықтар жүйесі әлсіреп, нашарлап, жақсы қасиет-
белгілерінен біртіндеп айырыла бастайды. Бұл жалпы халықтық кризиске әкеліп соғуы 
мүмкін аса қауіпті проблеманы «
Ұрпақтың азғындауы» деген терминмен таңбалауға 
болады. Бұл жерде психология ғылымындағы «жеке тұлғаның деградациялануы» деген 
ұғымды еске түсірген жөн. Адамның когнитивтік санасындағы осындай процестердің нәтижесі 
тілдік санаға әсер етіп, белгілі бір лексикалық бірліктер семантикасында орын алып, жаңа сөз 
қолданыстар түрінде тілдік айналымға түседі. Осылайша талдаған 
«Ана» концептісінен 
«
Көкек ана» деген жағымсыз ұғым бөлініп шығады. 
Медиа-мәтіндегі 
«Ана» және «Көкек ана» ұғымдарының семантикалық аясының 
вербалдануына қатысты жинақталған тілдік материалдар негізінде тарихи емес, кейінгі дәуір 
«жемісі» болып табылатын «Көкек ана» концептісінің құрылымын былайша көрсетуге болады. 
Яғни «Ана» макроконцептісінен «дүниеге ұрпақ әкелу» семасын ғана еншілеген 
гибрид 
концепт («Көкек ана») қазақ танымындағы дәстүрлі атау «көкек» сөзінің 
семантикасынан «безбүйрек», «тасбауырлық», «қатігездік» т.б. сияқты бірнеше жағымсыз 
мәндегі семаны иемденген. Нәтижесінде тұтастай жағымсыз эмоционалды мәнді «Көкек ана» 


концептісі қалыптасады. Оған негіз болған бастапқы (безбүйрек, тасбауыр) семалар қазіргі 
қазақ медиа-мәтінінде әртүрлі жағымсыз реңкті сөз қолданыстарға негіз болады. 
Осылайша қазіргі қазақ медиа-мәтіні ұлттық ғалам бейнесінде болып жатқан әлеуметтік 
процестердің ғаламның индивидуалды (авторлық) тілдік бейнесіндегі көрінісін концептілік 
деңгейде сипаттайтын маңызды конгитивтік құрал деп тануға негіз бар. 
Жоғарыда аталған «ұрпақтың азғындауы» факторы қазақтың когнитивтік санасында бұрын-
соңды болмаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет