Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



Pdf көрінісі
бет51/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

ақпараттық 
бейнесін қалыптастыратын медиа-мәтін социумға әсер етудің прагматикалық 
стратегияларын жүзеге асырушы, күрделі құрылым болып табылады. Аса маңызды әлеуметтік 
реттеуші рөлін атқаратын медиа-мәтіндерде социум ішіндегі, сондай-ақ алыс-жақын 
шетелдердегі саяси оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық ахуал түрліше 
интерпретацияланады. 
Лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдардан тұратын жазбаша формадағы медиа-
мәтін тіл дамуының белгілі бір кезеңіндегі жаңалықтар мен ерекшеліктерді айшықтай отырып, 
сол арқылы бүгінгі тілдік субъектінің компетенттілігін де көрсететін құнды материал ретінде 
үлкен маңызға ие болады. Сондықтан мерзімді баспасөз материалдары негізінде жүргізілетін 
прагмалингвистикалық талдау Адам факторының төңірегіне шоғырланатын алуан сипатты 
(саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени т.б.) мәселелерге аксиологиялық тұрғыдан 
баға беруге мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде медиа-мәтін БАҚ-тағы прагматикалық әлеуеті 
аса күшті құрал ретінде танылады. 
3. Бүгінгі тіл ұстанушы Кеңес кезеңіндегі алдын ала белгіленген сызба бойынша жоспарлы 
түрде әрекет ететін, коммунистік идеологияның ықпалынан шыға алмайтын субъектіден 
түпкілікті түрде ерекшеленеді. Сондықтан да қазіргі медиа-мәтіннің авторы жаңалыққа 
ұмтылғыш, өз азаматтық позициясын айқын көрсететін, қоршаған ортаны өз ыңғайына қарай 


бейімдей алатын жасампаз, бейстандарттылықты таңдайтын еркін шығармашылық субъекті 
болып табылады. 
Осымен байланысты арнайы кәсіби дайындығы бар маман газет мәтінін жазу барысында келіп 
түскен ақпаратты өз прагматикалық ұстанымына сәйкестендіре отырып ұсынады. Ол үшін 
журналист түрлі прагматикалық амалдар мен тәсілдерге жүгінеді. Осындай тілдік амалдардың 
сипатына қарай медиа-мәтін бұқаралық санаға мақсатты түрде ықпал ететін маңызды құралға 
айналады. Сондықтан автордың прагматикалық ұстанымының медиа-мәтіндегі көрінісін дұрыс 
анықтай білу басылым ұжымының да, оның ар жағында тұрған мүдделі саяси тұлғалар мен 
топтардың да мақсатын білдіруге жасалатын қадам деуге негіз бар. Нәтижесінде қоғамдағы 
саяси ахуал медиа-мәтінде тілдік және бейтілдік құралдар арқылы таңбаланып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет