Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



Pdf көрінісі
бет6/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

медиа-мәтін деген атау берілді; 
– 
медиа-мәтін ақиқат болмыстың қандай да бір үзігін репрезентациялайтын күрделі де 
құрастырмалы модель ретінде қарастырылды; 
– 
медиа-мәтін таза ақпараттық қызмет атқаратын қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге 
жеке тұлғаның (автордың), кейде басылымның (редакцияның) саяси-идеологиялық ұстанымын 
да жүзеге асыратын стратегиялық мәні бар құрылым екендігіне көз жеткізілді; 
– 
қазіргі қазақ басылымдарынан жиналған тілдік материал негізінде қазақ баспасөзінде 
тақырыптық, шығармашылық, коммуникативтік, прагматикалық еркіндіктің (сөз 
бостандығының) белең алып келе жатқандығы байқалды; 
– 
газет мәтінінің прагматикалық әлеуеті (әсер ету күші) бір жағынан, автордың салалық 
біліміне, журналистік шеберлігі мен тілдік компетенттілігіне, екінші жағынан, мәтінде кодталған 
ақпараттың адресат тарапынан адекватты түрде интерпретациялануына тікелей байланысты 
болатындығына көз жеткізілді. Осымен байланысты газет мәтіні қабылдануының бірнеше 
деңгейі анықталды; 
– 
мәтін авторы тек редакция тапсырмасын орындаушы ғана емес, кәсіби және 
энциклопедиялық білім қоры бар, өзіндік азаматтық позициясы мен прагматикалық ұстанымын 
оқырманға сауатты түрде жеткізе алатын тұлға ретінде танылды. Осымен байланысты қазақ 
журналистері арасында 
тілдік тұлға деңгейіне жеткен қаламгерлердің еңбектерін де арнайы 
зерттеу нысанасына айналдыру мүмкіндігі туындап отырғандығы айқындалды; 
– 
қазақ тіл білімінде «адресант – газет мәтіні – адресат» үштағаны түріндегі дискурс алғаш рет 
газет материалдары негізінде арнайы қарастырылды; 
– 
жазба мәтін тұңғыш рет бұқаралық коммуникациядағы автор мен оқырманның рөлдік 
статусын айқындайтын прагматикалық көрсеткіш ретінде танылды; 
– 
тіл біліміндегі модальділік категориясы публицистикалық мәтіндегі прагматикалық қызметіне 
орай үш топқа жіктелді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет