–
медиа-мәтін БАҚ-тағы
ғаламның медиа бейнесін қалыптастыратын маңызды фактор
болып табылады;
–
газет мәтіні ақпараттық қызметімен қатар автордың прагматикалық ұстанымын жеткізуші
қызметін де атқарады. Онда сөз болатын проблемалардан бөлек автордың жеке басы,
дүниетанымына қатысты әртүрлі мәліметтердің қамтылуы оқырман санасында
автор
образының сомдалуына себеп болады. Осы образ түптеп келгенде адресант пен адресат
арасындағы рөлдік қатынастың да сипатын анықтайды. Ол рөлдік қатынастар «басшы-
орындаушы», «оқытушы-оқушы», «ұстаз-рухани шәкірт», «үгіт-насихатшы-күмәнданушы»
түрінде көрініс табады;
–
газет мәтіні – автор мен оқырман арасын жалғайтын көпір іспеттес, ол байланыс
адресанттың мәтін арқылы жеткізгісі келген түпкі ойын адресат адекватты түрде, толық,
дұрыс
түсінген жағдайда ғана орнайды. Осындағы
түсінілім психолингвистикадағы мәтіннің
интерпретациялануы мәселесімен сабақтасып жатыр. Сондықтан адресант-адресат
арасындағы диалогке оқырманның мәтінді деңгейлеп қабылдауы нәтижесінде қол жеткізіледі;
–
медиа-мәтіндегі модальділік категориясы өзара тығыз байланысты бағалау, эмоционалдық,
дәйектеуіштік түрлерінен тұрады;
–
автор өз мәтінінің прагматикалық әлеуетін күшейте түсу үшін әртүрлі интенсификаторларды
кеңінен пайдаланады. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі осындай
Достарыңызбен бөлісу: