91
- Біріншіден, нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдігіне көмекші етістіктің
жалғасуы арқылы жасалады: Абай дəл мұндай болып құбылған ойнақы айды
ең алғаш байқағаны
осы еді. Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны
осы еді. Абайдың күткені де
сол еді.
- Көптік жалғаулы сілтеу есімдіктері мен көмекші етістік арқылы:
Еркектер бұл ауылдың бар əйелдері мен баласын осы үйге ерте бастан қаматып
қойған.
Солар екен. Ырғызбайдың жуаны Əзімбай болғанда, Жігітектің
сімілтірі
солар екен. Кейде сілтеу есімдіктері мынандай құрамда келеді:
Бірақ
Абайлар білмепті, Айдос ішінен Бөкеншіге кеткен алғашқы сəлем
бұл емес
екен.
- Сілтеу есімдіктері мен модаль сөздер арқылы: Бірақ біздің елде тұйғын,
лашын ұстаушы
аңшылар асау құсқа сенбегенде, ұзын шыжыммен ұшырады
ғой,
сол тəрізді. Саркөл айналасындағы топыры көп ауыл
сол тəрізді. Абайдың
да əйелге
анықтап қызыға қараған жолы осы сияқты. Жаңа Қадырбай
айтқандай
арғыдан бері қарай терсе, елдің үлкен арқалығы
осылар сияқты.
Соңғы сөйлемнің баяндауышы көптік жалғаулы сілтеу есімдігі мен «сияқты»
модаль сөзі арқылы жасалған.
Роман –эпопеяда əсіресе сілтеу есімдіктері
баяндауыш қызметінде жиі
кездеседі.
- Сілтеу есімдігіне шылаулардың тіркесуі арқылы: Кіршіксіз таза көңілдің
бар қиялы
осы ғана. Становтың тілері мен айтары
осы ғана. Ендігі Становтың
Мағаш үшін алысатын мақсаты
сол ғана. Абай
осы ғой! Əзір көріп отырғаның
сол ғой! Көптік жалғаулы есімдігі мен нақтылық шылауының тіркесуі арқылы:
Сармолланың жауы
солар ғой.
- Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдіктеріне «ғой» нақтылық шылауының
тіркесуі арқылы: Жаным –ау,
қасқыр бала мынау ғой! - деді. Кейде сілтеу
есімдігі нөлдік тұлғада келіп, оған түйдектелген көмекші етістігі мен нақтылық
«ғой» шылауы арқылы күрделі баяндауыш түрінде де
жұмсалады - Бөжей
өкпесінің басы
осы еді ғой.
Достарыңызбен бөлісу: