Сырткы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу-жағдайына орай, зейін сыртқы және-ішкі болып
бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене
әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп те атайды. Ішкі зейін — сананың ішкі іс-әрекетке,
ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. Өйткені,олар өз жан дүннесінің
сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі
құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның
шртқы қимыл-
дары, ернінің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүше-лерінің түрлі қимыл-қозғалыстары арқылы
байқалады. Ішкі зейіндер — сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-
қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен
байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.
Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау, мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейіи
аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Достарыңызбен бөлісу: