көтерілген кезде, адам көл жағдайларды байқамай қалуы мүмкін. Аффектілер лепірме сөз, дөрекі қимыл-қозғалыстар
түрінде шапшаң сыртқа шығады. Кісі бұлқан-талқан болып ашуланады. Алайда, мұның бәрін сау адамды аффект сезімі
билеп кетудің, оның естүсін білмеуінің салдары деп санау дұрыс емес. Әринс, адам есінен айрылып, не ауыр жарақат-
танып қансыраған кезде мұндай хал кездесуі ықтимал. Дені сау адам бойын аффект
кернеген кезде ақыл-есінен
танбайды. Аффект дегеніміз — кісіні аз уақыт ішінде болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатьш
эмоциялық күй. Адам бойын қаншалықты ашу-ыза кер-негенімен,
оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні
ауыздық-тап, ерік күшінс бағындыруына болады.
Осы орайда, халық даналығындағы “Ашу — дұшпан, ақыл -дос,
ақылыңа ақыл қос”
деген мақалдын, тағылымдық маңызы ерекше,
Адамнық көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психология-да фрустрация деп аталады. “Фрустрация”
латыншадан аударғанда —
көңілдің бұзылуы, мёжелі істіц жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді, Жоспарланған ісі мен
мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойьш ашу-ыза кернейді,
қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық
стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды.
Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй
өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады,
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі — эмпатия. Эмпатия — адамның
өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар
мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жаңашырлық білдіріп,
солардың ауыр
халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психология-да ашып
көрсеткен — американдык психолог Э. Титченер. Ол философиядағы ұнату сезімінің. теориялық негіздеріне сүйене
отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялык, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық (когнитивтік)
және адам кө-ңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын
да даралап көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық
білдіруі олардьщ
өмір тәжірибесіне, мінез-қүлкындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
Құмарлық сезімі. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытка созылады. Ол
әрқашан белгілі бір
объектіге бағытталады. Құмарлық — адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз
жақтары да бар. Мысалы, оқып білім алуға деген құмардық адам қабілетін тәрбиелейді, моденистік дамытып, өмірдегі
мақсат-муддесіне жеткізеді Бұл — ұнамды қасиет. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін
аздырьш, бей-берекетіікке ұшыратады. Мәселен, маскүнемдікке салын) т. б. Бұл адамның өзіне де, өзгелерге де зиянды.
Құмарлық-тың ұнамсыз түрімен курес жургізіп жексұрын қылықтарға жол бермеу керек.
177