Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет106/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті
Көрнекті қазақ ақыны С. Торайғыров тіршілік әрекетінің өзгеруіне орай, адам сезімінің әлпеті де түрленіп
отыратындығын айтып, оның сыртқа тебуін, яғни эмоция күшін былай бейнелеген болатын: “Сезімнін сыртка шықпас
түрі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма?!”. Ең алдымен, сезім тыныс алу мүшелері мен қан тамырларының
жұмысына елеулі өзгерістер енгізеді Мұны сипаттау үшін Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романының бірінші
кітабында Сүйіндіктің үйіне әкесінің тапсырған шаруасымен келген жас Абайды көрген сұлу Тоғжанды суреттей
отырып, автор: “Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, кайта сұрланды. Толқып кайтып түрған
ұяндық па, басқа ма? Әйтеуір, өзінше әзгеше тыныс алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар”, — дейді Ал Тоғжанға
ғашық болған Абай әлде-қандай өзгешс “таңды” сезеді. “Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар жүрек таңы. Кеуде
толған өзгеше
ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім... не сипатта бұл сезім?. Не боп барам? Такат, сабырым қайда? Бойынша
тоңазығандай бір діріл пайда болды Себепсіз дірілдейд. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып шаншып кеткек-дей”'.
Адамның басында жүйкслік әрексттін қозуына байланысты көңіл күйі өзгеріп, тамырының соғуы жиілег. кетеді,
адам демігеді. Қорыққан кісі сұп-сұр болып, бозарады. Ұялған адамның беті қызарып кетеді Оның көңіл күйі, сезімі
дауыс ырғағынан, сазынан, қарқынынан да аңғарылады, Әсірссе. дауыстың кұбылмалы болуы неше түрлі күрделі
эмоциялар — кекету, еркелету, мысқыл, келекелеу, табандылық, тілек, қынжылу мен ренжу, қымсыну мен сенім,
масайрау мен қайғыны да өзін адамға ұқтыра алады. Осы орайда, сезімнін күрделі психикалык процесс екендігі, оның
үнемі қарама-қарсы жағдайда болып отыратындығы көрінеді. Мәселен, қуану — ренжу, кулу — жылау, шаттану —
қайғылану т. б.
40-сурет. Әрқилы сезім күйлерінің цнеймограф аспабы ярқылы зертгслуі және ирск сызықтармен бейнеленуі:
а — адам шаттық күй кешкенде I миитта 17 рет тыныс алады. 
б — басынан өткен қайғы-мұңын есіне түсіргенде минутына 9 рет тыныс алады.
в — қайғы-қасірет шеккенде 20 рет тыныс алалды.
г - қорқынышты, үрейлі жағдайда 1.минутта 64 рет тыныс алады.
д — бойын ашу-ыза кернегенде минутына 40 рет тыныс алады.
174


Сезім мен эмоцияньщ сыртқа тебуінің айқын көрінісі — кулу мен жылау. Әйгілі ғалым Ч. Дарвин (1809—1881)
мәнерлі қозғалыс әлпеті адамның арғы тегінің тіршілігі үшін пайдалы болған әрекет-тердің қалдығы екенін дәлелдейді.
Қатты ашу кернеген адам жұдырығын түйеді, тістеніп, кейде тісін қайрайды, булығады. Әрине,қазіргі заман адамдарына
мұндай кейіптер мен дөрекі қимылдар көрсетудің кажеті жоқ. Дегенмен, адамдардың мәнерлі қозғалыстары, ым-
ишаралары, мимикалық
41-сурет. Пнеймограф.
қылықтары, даусының өзгеруі оның көңіл күйінің қандай скенінен хабардар етіп, кісінің ішкі сезімі мен эмоциясы
көз нұрынан, бет ажарынан, бет қимыл-қозғалысынан аңғарылып тұрады. Адамның сезім күйлері пнеймограф
аспабымсн зерттеледі.
Бұл аспап адамның көңіл күйін зерттеуге арналған. Аспап зерттелуші адамның кеудесіне байланады да, оған
"өмірінде басыннан кешірген қайғы-қасіретінді есіңе түсір”, -- дейді. Егер дайындалған адам басынан кешірген
қайғысын (мәселен, анасы өлгенде жылағанын т б.) есіне түсіре алса, онда оның жүрегінің соғуы жиіле”, ол
пнеймографка беріледі. Пнеймографты кимо-графпен байланыстырса, онда жүректің соғуын, вегетативтік өзгерістерді
ирек сызықпен жазып алуға болады.
175




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет