§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихн сипаты
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша
айырмашылықтар бар. Жануарлардыд “тілі” мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар
жануарларға белгі берумен ғана шек-телсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен
болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге
жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл аркасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып,
жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді
шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр турлі
сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен
адамның сөйлеу тілінің арасындар ерекшелік — олардың ойлау әрекетінде. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалық
процеетің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығьш реміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекетгік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі
маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттеі жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда “құрал” қолдануынан
көрінеді, (5-сурет).
43
5-сурет.
Маймылдың “құрал” қолданып жемісті алып жеуі.
Жануарлар психикасы олардың сырткы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдай тәуелді. Ал адамының нақты
жағдайларға бейімделуі ойлаудагы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іе-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады.
Адам нақты жағдайды бейнелеумеи бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын
жасап, қажетіне колданады Ал жануарлар “құралды” тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайлары
жануар-лар “құралды” қажет болар-ау деп тани алмайды, Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғана белгілі бір мәнге
ие болады. Олардың заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл
екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін. Бірақ олар өшқашан біріне-бірі кемектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі — енбек құралын ойлан, жоспарлап жасауы. Осы қажет кезінде
қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қол-данады. Адамның психикалық
әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі - олардың қоғамдык тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп
қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы
түрде мең-гереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдык тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірнбе адам
психикасың дамытуға күш-ті ыкпал етеді, Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрскеттер жасап, құралдарды
44
қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларының
жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеру-інде сапалық әзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән
жоғары функциялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрактылы ойлау дамиды.
Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижесінде болмысты бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас.
Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне әсер ететін заттар мен
құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға
әсерленеді. Мұндай сипаттар — адам психикасының өзіндік төртінші ерекшелігі. Тек адам ғана басынан кешірген
оқиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына түскен жағдайларға жанашырлық білдіріп, оларға жан
дүниесімен тебіренеді. Табиғат әсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық істердің нәтижесіне қуаныш білдіріп,
рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, акыл-ой сезімін байытады.
Адам психикасының. жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелігі сол — жануарлар дүниеешін дамуы
биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат санасы қоғамнык тарихи даму заңдылықтарына бағынады.
Адамдардың өзара карым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын,
абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қальштас-тырады. Адам психикасының
қоғамдық даму сипатын түрлі себеп-термен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының жағдайларынан
толык аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер
болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын, әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдың
балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекет-терінен жаңылмайды, Адам баласы адам
болып өсуі үшін жарық дүннеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет.
Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау
нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялык фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тегі заттық
әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар
жасауға қабілетті болған. Алғашқы адам дар қолға ұқсас алдыңғы аяқтарының көмегімен қажетті құралдар жасап,
оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсінуде сана адамның қоғамдық қатынас-
тарыньщ жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп
тіршілік етіп, топ-тасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған, тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке
қажетті құрал жасап қолданған, Еңбектёну әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп,
денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамның бас миынын жетілуіне зор ықпал еткен.
45
|