Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет46/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

Екінші бөлімі
АДАМНЫҢ ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАРЫ
VIIІ тарау. ТЕМПЕРАМЕНТ
§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент
ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың, әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта
жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі — бір түп ағаштағы 200000-жуык жапырақтың
бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі; екіншісі— темпераменті, мінез-құлқы
жағьшан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі — дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әр-қайсысының саусақ бедері біріне-
бірі 
ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін
білдіреді. 
Әрбір кісінің жеке басына тән дара езгешеліктің бірі — осы темперамент. “Темперамент” сөзінің шығу тегіне
тоқталар болсақ “красис” деген грек сөзін латынша-— темпераментум дейді. Мұйдай атаудың мәні нәрселерің не
заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік — ең алдымен, адамның эмоциялық
сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы
ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне елді, жеке адамға тән дара
өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігшің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша
мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған — ертедегі грек жұртының
дәрігер-ғалымы Гиппократ (б. з. д. 460—356 жж.) болды. өз шәкірттерімен бірге органнзм өзгешеліктері денедегі
"тіршілік шырындарына" байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын — қан, салкындататын
— сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратъш — ка-
ра, Бұлар бірімен-бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасынын, қай мөлшерде
екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пронорциялық мөлшері болса — сангвиник
82


(латыпша — сангуис); сел көп болса — флегматик (грекше — флегма), өт көп болса холерик (грекше — холе) және
күшті пропорция қара өтте болса — меланхолик — грекше — мелайнехоле қара өт) дсп төрт типке бөлген. Сол кезден
бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет