жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі
қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды
қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің үнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады, Дағдылар арқилы істерге жаттығу, төселу
нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттер мек белгілі істі орындауға бағытталған
мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің еңбек әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған қағанаттанады, бойындағы
күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты студент емтихандарды ойдағыдай тапсырады
Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді женіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай
әрекетер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет больш қалыптасады да, оның қайрат-жігерін шындайды.
Достарыңызбен бөлісу: