Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет55/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124
Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Мінездің жеке ген касиеттері адамзаттың еыртқы ортамен және ө
адамдармен қарьш-қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым-қатынасы коғамдық қатынас-тар не зінде
қалыптасады. Адамның өз материалдык мұқтаждық-тарын қамтамасыз- етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен
сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік — мұны бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамныд мінез-
құлқының сипатына әсер етеді.
Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасьш, дамиды. Үйде дара больш өскен немесе жасы бойынша
түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса,
балалардың мінез-құлықтары-ның қальштасуына кері әсері тиеді. Сондай-ақ, балабақшада тәрбие-ленген
бүлдіршіндердің өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен еттерініц
қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді.
§ 4. Мінез жэне темперамент
Мінез бен темпераменттщ өзара байланысы олардың физиология-лық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйсінің
типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшелітерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-
қатынаста әнгімені бірінші болып бастайды, флегматик мұндайда өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады.
Сангвиниктер бөтен адамармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал
флегматик адам мұн-дайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық
ерекшелігі немесе қозғалғыштық қасиеті деп те аталады. Мұндай ерекшелікер темперамент қасиеттеріне негізделеді.
Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда да көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің
типтері шартты рефлекс-тердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі
мінездіц физиологиялық негізі екендігі мәлім. Сейтіп, темпераменттер адам мінезінің ұнамды қасиеттері мен ұнамсыз
жақтарының, дамуына да ықпал етіп отырады Мысалы, сыртқы жағдайдың қолайсыздығы арқылы холерикке қарағаңда
меланхоликті оп-оңай корқақ етуге болады. Ал қолайлы жағдайда керісінше холерикті меланхоликке қарағанда батыр
ету оңайырақ.
Мінез бен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамнын, психикалық
ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің
95


жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі
қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды
қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің үнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады, Дағдылар арқилы істерге жаттығу, төселу
нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттер мек белгілі істі орындауға бағытталған
мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің еңбек әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған қағанаттанады, бойындағы
күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты студент емтихандарды ойдағыдай тапсырады
Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді женіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай
әрекетер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет больш қалыптасады да, оның қайрат-жігерін шындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет