№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру



Pdf көрінісі
бет10/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86
Байланысты:
91 эссе

құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру 
 
Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі 
өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де оның мазмұны мен 
оқыту әдістемесінде де біршама жаңалықтар болып жатыр. 
Оқу бағдарламалары білім беру процесіне қойылатын негізгі 
талаптардың бірі - білім алушылардың өздігінен білім алуы үшін белсенді іс-
әрекетін ұйымдастыруға бағытталған. Мұндай тәсілдеме пәндік білімді, 
әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің 
жеке мүдделері мен болашағын ұғынуға, сындарлы шешімдер қабылдауына 
мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де қалыптастыруға ықпал етеді. 
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді нығайту білім беру процесіне 
қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілдікке жол бермей, 
ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін 
қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан да қазіргі қоғам мен мектеп 
жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың жаңа міндеттерін сапалы 
шешуге, шығармашылыққа қабілетті педагог қызметкерлеріне мұқтаж. 
Білім беру мазмұнының жаңару курсының нәтижелілігі тікелей 
мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, педагогтардың 
кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатын 
оқыту үрдісі, өзін өзі өзектендіруі, өзекті білімді меңгеруі, біліктілігі мен 
дағдысы жетілуінде біліктілікті арттыру курсы маңызды рөл атқарады. 
Педагогтарды оқытуда аталған курс тәжірибеге бағытталған белсенді 
оқу тәсілдерін қолданумен ерекшеленеді. Біліктілікті арттыру курсы аясында 
оқыту қызметі андрагогика ұстанымына негізделеді. Олар: 
-білім алушылар оқу үрдісінде жетекші роль атқарады; 
-білім алушылар, қалыптасқан тұлға ретінде алдарына нақты мақсат 
қоюға, өз бетімен, өзін өзі басқаруға, өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылады. 
-ересек адамдар меңгерген білім, білік, дағдыларын, өмірлік және кәсіби 
тәжірибелерін оқыту үрдісінде тиімді қолданады; 
-оқу процесінде білім алушылар мен тренердің іс-әрекетінің барлық 
кезеңдерінде бірлесе ұйымдастыру 
Біліктілікті арттыру курсының екі негізгі міндеттерін атап өтуге болады: 
білім алушыларды жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету және кәсіби білік, 
дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету 
негізінен дәріс түрінде жүзеге асырылады. Дәріс төмендегідей дидактикалық 
міндеттерді шешеді: дұрыс емес стереотиптерді жою, қызығушылық, сендіру, 


тәуелсіз іздеуге және интеллектуалды белсенділікті тудырады теориялық 
деңгейден ойдағыдай өтуге көмектеседі. 
Теориялық деңгейден қолданбалы білімге ойдағыдай өтуде 
стреотиптерді жоюға, белсенді ойлауға және өз бетімен ізденуге қызықтыруға, 
сендіруге үйретеді. Дәрістің артықшылығы ұсынылған материалдың өзара 
байланысы мен логикалық қабылдаудың тұтастығында. Оқыту курстарындағы 
дәріс 
сағаттарының 
қысқартылуы 
шектеулі 
уақытта 
теориялық 
материалдарды нәтижелі меңгеруге, дәрісті өткізуде инновациялық тәсілдерді 
қолдануға мүмкіндіктер тудырады. Осындай жетістікке жетуге мүмкіндік 
беретін тәсілдердің бірі- белсенді оқу дәрістері. Белсенді оқу білім алушының 
мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін 
оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі 
жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын 
құбылыс екендігін түсіндіреді. 
Белсенді оқу барысында мұғалімдер: 

барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін 
жағымды оқу ортасын қалыптастыруға; 

сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-
әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат 
етуге; 

оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар 
мен белсенді әдіс- тәсілдерлі қолдануға; 

алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы 
жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және 
қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық 
немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін 
ұйымдастыруға және уақытты басқаруға; 

оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, 
ұғымдарды түсіндіруде. 
Интерактивті дәріс ерекшеліктері: - қатысушылар бір-бірімен және 
оқытушымен байланысқа түсе алады; 
-білім алушы дәріс презентациясын пайдаланады; 
-білім алушылардан әруақытта ақпаратты өңдеу және дәріске 
белсенділік таныту талап етіледі; 

әруақытта дәріскерден және білім алушылардан тиімді кері 
байланыс ұсынуы талап етіледі; 

дәріскер білім алушылардың өзара қарым-қатынас деңгейін 
бақылап отырады; 


Белсенді оқыту дәрістерінен алған ақпараттар ұзақ мерзімді есте 
сақтауға мүмкіндік береді. 
Кейс амал-тәсілінде басты назар білім алушылардың ұсынылған нақты 
немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы 
жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. 
білім алушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Кейс 
әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге 
мүмкіндік беретін білім алушылардың материалды оқуға, білімді терең 
меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әртүрлі жағдайларды саралауға 
мүмкіндігі мол білім беруі тәсілдерінің заманауи түрі. 
Кейс әдісін тиімді қолдану арқылы білім алушылар бойында келесі 
дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға болады: 

Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: 
деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес 
ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп 
алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты 
және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған 
жағдайда өте маңызды. 

Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен 
салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық 
теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын 
жүйелеуге мүмкіндік береді. 
- Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе 
шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу 
генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. 

Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап 
айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін 
жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға 
бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа 
есеп дайындау. 

Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты 
әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, 
тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама -қарсы көзқарасты дәлелдеу, 
яғни, өзін өзі ұстау және т.б. 

Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың 
және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған 
моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын 
қалыптастыруды талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен 
оңай байланысуы мүмкін. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты жүйелі 


саралауды талап ететін кешенді құрылымдық жүйе екендігі белгілі. Әдістің 
категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға 
көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, 
жаңа мүмкіндіктер ашады. 
Аталған әдісті кәсіптік тәжірибемде қолдану арқылы төмендегідей 
қорытындыға келдік: 
Сase-study әдісімен жұмыс жасаудағы артықшылықтар: әрбір қатысушы 
өзінің пікірін басқа қатысушының пікірімен салыстыра алады, шешіліп жатқан 
мәселенің өзектілігі және оны білім алушылар тәжірибесімен тығыз 
байланыста болғандықтан білім алушылар ынтасы мен белсенділігі жоғары 
болады. 
Сase-study әдісімен жұмыс жасау барысындағы қиыншылықтар: нашар 
ұйымдастырылған талқылаулар ұзақ уақыт алуы мүмкін. Егер қатысушылар 
да қажетті білім мен дағдылар болмаса, жұмысты дұрыс ұйымдастыруда және 
талқылауға дұрыс бағыт беріп отыруда қатысушының кәсіби біліктілігіне 
жоғары талап қоймаса, жақсы нәтиже көрсете алмайды. Сонымен қатар, 
мұғалім практикалық жағдаяттарды талқылауда оқушыларда жиі кездесетін 
қателерді болдырмауға тырысу керек. Олар: 

Оқушылар берілген ақпараттардың ішінен қажеттісін ажыратам 
деп сол ақпараттарға көміліп, негізгісін анықтай алмайды; 

Жағдаятты тар көлемде қарастырады да, проблема көрінбей қал 

Оқушылар талқылауды аяқтамай-ақ, әрекет ету жоспарын құрады. 
Біздің көзқарасымыз бойынша, белгілі мотив-мақсаттардың мазмұны 
болмасын, олардың алғашқы басқышында жетістіктің түрткісі орын алуы тиіс. 
Өзіндік даму мен өзіндік жетілуге деген қажеттіліктерден туындайтын түрткі 
саналылыққа ауысып, адамның әрекет ету ортасын кеңейтіп отыратын 
себептерін оятады тұлғаның әлеммен байланысын кеңейтіп, қорытындысында 
білім алушыны өзіндік кемелденуге жетелейді 
Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – оның кәсіби беделі орталықтан орын 
алатын мінез- құлықтың қасиеттерін қамтушы оң қасиеттердің ауқымын 
белгілейді. 
К.Ушинскийдің пікірінше, бала өз оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – 
оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оны оқу процесін басқару. 
Қазақстан білім беру кеңістігінде реформалау бағыттары жалпы әлемдік 
бағдар мен үндес келетін фактілерінің іске асырылуында деп сөзімді 
аяқтаймын. 


№12 Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі 
 
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық 
технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп 
өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, 
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман 
талабына сай ұстаз да, дарынды және талантты тұлға болу мүмкін емес.
Заманауи қоғамға жан-жақты жаңашыл адам керек. Мұндай адамды 
қалыптастыру- қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты 
міндет. Ендеше, «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері 
анық» - деген тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі әрбір адамның ойына 
түрткі салуы тиіс. Өйткені мұғалімнің бүгінгі күні жасап отырған еңбегінің 
нәтижесі қандай болса, еліміздің, қоғамымыздың болшағы да сондай болмақ. 
Демек, жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде
білім алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, 
терең білімді, ізденімпаз, талантты, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт 
ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-
уақыт талабынан туындап отыр. 
Білім берудегі негізгі мақсат - тек білімді, дарынды, кәсіби 
мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және 
адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды 
бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Жаңа заман 
талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру мен тәрбие үдерісінде 
жүзеге асырылатындықтан, білім мазмұнын таңдауда әр баланың жеке 
тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселесі тереңірек, әрі нақтырақ 
қарастырылады. 
Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және 
білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының 
сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет 
Байтұрсынов “Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді 
іске асыра білу дағдысы” деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. 
Сондықтан 
да 
білім 
берудің 
нәтижелігі 
мұғалімнің 
шеберлігі, 
шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей 
байланысты.
Біз алдымыздағы жеке тұлға – оқушымыздың құзырлығын дамыту үшін, 
яғни қоғамның жан –жақты білімді, белсенді азаматын тәрбиелеу үшін,
сыныпта өтілген тақырыптарды, одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда
сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу үшін 
мынадай мақсаттарды көздеуіміз қажет: 

оқушылардың қазіргі заманға сай бейімделуіне, халқына зор көмек
беретін, жаңалық аша алатын тұлғаны қалыптастыру; 

бастаған жұмысты тиянақты дер кезінде аяқтауын қадағалау, дарынды 
және талантты тұлғаны даярлау болып табылады. 


Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді 
түзе!» – деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды 
жақсылап өсір дегені. Осы ретте, баланың өмірден өз орнын табуы үшін оның 
қабілетін ерте кезден дамыту тікелей ұстазға байланысты деп білемін. Ал, 
талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда қолданылатын 
кеңейтілген тапсырмаларды мақсатты, сауатты пайдаланудың маңызы зор. Ол 
балаға қалай әсер етеді? Жауап төмендегідей: 
1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдану; 
2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдау; 
3. «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыру; 
4. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесу; 
5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеу; 
6. Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізу; 
7. Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне 
негізделген оқу үрдісіне қатысу; 
8. Сыни ойлау дағдыларын дамыту; 
9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану; 
10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдану; 
11. Аса құштар және ынталы болу; 
12. Оқушылардың жетістікке жету қабілеттерін көрсету; 
Кеңейтілген тапсырмалардың он екі идеясын қолдану арқылы біз тек оқушы 
бойындағы дарын мен талантты дамытып қоймай, сонымен қатар тұйық 
оқушы бойындағы талантты анықтауға мүмкіндік аламыз. Дұрыс таңдалған 
бір әдістің өзінде он екі идеяның бірнеше ерекшелігі тоғысып жатады. 
Биология пәнін оқытуда кеңейтілген тапсырмаларды жүйелі қолдану арқылы 
оқушының пәніме деген қызығушылығын арттырып, білім алу құштарлығы 
мен ынтасының жоғарылайтындығын түсініп келемін. 
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана 
білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс»
ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. 
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты 
болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену 
керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын 
шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді 
мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді 
халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті 
байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала 
отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа 
жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. 
Баланың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр баланың өзін сезіне 
білуіне, ішкі табиғатын ашуға көмектесу, өзін шығарашылықпен ұштастыруға 
бағыт беру тікелей мұғалімге байланысты. Әдебиет сабағында оқушының 
сөйлеудегі және жазудағы тіл мәдениеті дамып, өзіндік ой-пікірін дәйекті, 
жүйелі айта білуі, ұтымды, шешен сөйлеуі қалыптасады. Бұл пәннің баланың 
бойындағы дарынды аша білудегі мүмкіндігі жоғары. Ал, дарынды оқушыны 


жан-жақты қабілетті, терең білімді, зерек те еңбекқор,өз ісін сүйетін, талантты 
да шебер ұстаз ғана тәрбиелей алады. Дарынды мұғалім дарынды баланы 
бірден таниды. Ол оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оның талантының 
ашылуына дер кезінде қолдау көрсетеді. Қосымша жұмыстар жүргізе отырып, 
оқушы шығармашылығын дамытуға, оның қызығушылығын оятып , өз 
бетімен жұмыс істеуіне шабыттана көмектеседі. 
Қорытындылай келе, кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: 
«Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді 
болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы.Солай болған соң, 
ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы 
оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын. XXI ғасыр – ғылым ғасыры. 
Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Сондықтан 
ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, 
табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір
тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырларына
жауапкершілікпен қарап, өмірден өз орнын табуына өз ықпалын тигізгені 
дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың 
құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп 
сенемін. 
№13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет