құштарлығын
жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып
саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім
алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең
білімді, ізденімпаз, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол
тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт
талабынан туындап отыр.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында
жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге
байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж
екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім
беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.
Бұрын орта мектептің негізгі міндеті
білім беру мен дағды
біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті: ойы ұшқыр,
шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыру тек қана әлеуметтік жағдайда ғана
жүзеге асады, яғни адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде
ғана толық ашылады.
Ал, балаға бірден-бір әсер ететін орта-мектеп. Сондықтан да жеке
тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп, оқушының жеке
қабілеттерін дамытуда, дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін
жүзеге асыруда мұғалімдердің іс-
әрекеті мен озық тәжірибесі, қабілеті мен
шеберлігі шешуші рөл атқарады.
Оқыту ісіне жаңа тәсілдер дайындау, өзара нұсқаулық-ақпараттық
қатынастан білім алуға деген сұраныстарды қанағаттандыруға, жеке тұлғаға
бағытталған өзара көшу- педагогикалық ғылым мен тәжірибенің алдына
қойылып отырған үлкен міндет.
Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық
және білім беру технологияларын пайдаланбай,
оқушы мен мұғалімнің
жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы
–Ахмет Байтұрсынов. «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік
сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп, білім мен біліктілік жайлы
үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің
шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей
байланысты.
Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты- әр түрлі деңгейдегі
білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Мұғалім өз
жұмысында оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды оқыту, жетілдіру,
ғылымға
бейімдеу, бала дарындығын ашу, оны дамыту, бала бойындағы
зерттеушілік іс-әрекетін, қабілеттілік белгілерін көре алуы мұғалімнің
шеберлігін қажет етеді.
Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін
жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір
жолы- оқушыға білімді терең
игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа және зерттеушілік іс-
әрекетке жетелеу.
Жеке тұлға қабілеттерін дамытуға бағытталған оқыту процесі әр
педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілікті арттырып,
оқушымен қарым-қатынасы берік сенімге негізделгенде ғана игі нәтижесін
байқатуы мүмкін.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- танымдық іс-әрекеттері формаларының
бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы
іс-әрекетті инновациялық технологиялар арқылы дұрыс жоспарлау
біліктілігіне байланысты болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізі
талап- оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа
инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және
оларды басқара білу. Ол
біріншіден, оқушыларды өз бетінше іздендіретін,
одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта
құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне деген
мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім қазіргі кезде
белсенді емес, оқушылардың өздері белсенді жасампаз күш болатын,
оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.
Сонымен ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше
тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір
тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырға жауапкершілікпен
қараған дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары
оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін
көреміз деп сенемін. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді
халқының
тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың
келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы
бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеу – біздің
мақсатымыз.
Достарыңызбен бөлісу: