Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты
барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу
тексерумен (аудитпен — тіркелу ақпаратына талдау жасаумен)
толықтырылады.
Сенімді есептеу базасы (СЕБ) — компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты
жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік
жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып
шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті — қатынасым мониторының
міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау
болатындығын бақылау.
Қатынасым мониторы — пайдалынушының программаларға немесе
деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс — әрекеттер тізімімен
келісімдігі екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш
қасиеттің орындалуы талап етіледі:
— оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;
— толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны
орай өтуге мүмкіндік болмау керек;
— иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу
үшін ол жинақы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: