Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып,
өз еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе жатқаны —
өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден — өз мамандығымды
сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол
тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін үлкен қуаныш.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны
дүниежүзілік білім, ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында
өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана
қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу — кез-келген адамның қолынан
келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы
Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні — жақсылыққа
тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де
бақытқа жеткізуге
үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының
қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр
мұғалімнің борышы.. тигізеді.
Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке
мәңгі ұстаз болып қалады.
К.Д.Ушинскийдің
«Мұғалім — ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де
тоқтайды» деп бекер айтпаған.Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік
меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат етуде. Жүсіпбек
Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз
қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен.
Олай болса, құрметті
ұстаздар, өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйе
отырып, осы іске деген қызығушылықпен, әрбір ізденіс, әрбір іс- қимылымыз
тек оқушыға, оның біліміне, оның болашағына ғана арналса, шәкірттеріміз сол
білімді жоғары дәрежеде
көрсетіп, ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын
ашық айта алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейтініміз күмәнсіз.
Достарыңызбен бөлісу: