Инклюзивті білім беру бойынша негізгі түсініктер мен анықтамалар,қысқартулар



Pdf көрінісі
Дата02.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#78379
Байланысты:
Нұрмахан Әмина инклюзив



Инклюзивті білім беру бойынша негізгі 
түсініктер мен анықтамалар,қысқартулар
Хронологиялық кесте
ЕББҚ қажеттілігі бар балаларда байқалуы 
мүмкін қиындықтарды топтастыру 
Орындаған:Нұрмахан Ә.С.
Тексерген:Молдабаева А.К. 


Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру – оқушының білім 
алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан 
түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді 
қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім 
беруді дамытудың үздіксіз процесі.


Инклюзивті білім беру
Мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін 
балаларды, психологиялық-медициналық- 
педагогикалық қолдауды іске асыру және 
инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең 
құқылы тұлға болуга мүмкіндік жасау.
Міндеті - инклюзияның тиісті мақсаттарына білім беру 
ұйымдарының мәдениетін қалыптастыру болып 
табылады. Бұл кез-келген білім беру немесе 
әлеуметтік-мәдени ұйымның білім беру ортасына 
қойылатын талаптарды белгілейді: ол әртүрлі 
мүмкіндіктері бар ересектер мен балалардың білім 
беру карым- қатынастарына қосылу үшін дайын болуы 
керек.


Инклюзивті білім беру бойынша анықтамалар
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар(ЕББҚ) -
даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық 
факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) 
байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар 
балалар.
Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті 
көмекке және қызметке қажеттілік.
Психологиялық- педагогикалық қолдау - педагогтар мен мамандардың жүйелі 
ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен 
қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік- психологиялық және 
педагогикалық жағдайлар жасалады.


Инклюзивті білім беру бойынша анықтамалар
Арнайы кабинет - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға мамандарының 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған топтық және жеке сабақтарды 
жүргізуі үшін жабдықталған бөлме (сыныптық бөлме).
Қысқартылған оқу бағдарламасы - оқушының жеке мүмкіндіктерін еске- ре отырып, 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу 
бағдарламасы.
Жеке оқу бағдарламасы - зияты зақымдалған оқушының жекелік мүмкіндіктері ескеріле 
отырып құрастырылған оқу бағдарламасы.


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың 
төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. психикалық және дене дамуында түрлі
бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу
бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппа-
раты, психикалық дамуы тежелген және
эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған
балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары,
мінез-құлық және эмоциялық проблемалары
бар балалар.
3-топ.Әлеуметтік-психологиялық,
экономикалық, 
тілдік, 
мәдени
ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім
беруге қажеттілігі туындайтын балалар.


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта)
оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады.Қазіргі уақытта
еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды
басшылыққа алу ұсынылады:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың,
логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек.


Назарларыңызға 
рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет