42
ҮЛГІ:
а/ Жай адамның халі, үй орын, дастархан жай, ақырын – баяу, жай келіп пе?
ә/ Алма – оны алма – бір нәрсені алма деген сөз, жеміс түрі, адам аты.
б/ Қаз – жерді қаз, құс түрі.
Қазақтың Үш жүзге
қалай бөлінгені, не себептен
алаш атанғаны туралы
халық аузындағы сөздерден алып, тарихшылар мынаны жазады.
«Дәл
қай заманда екені белгісіз, бұрынғы қазақ
хандарының біреуі елін
үш баласына бөліп беріп, үлкеніне тигенін – Ұлы жүз, ортаншысына тигенін –
Орта жүз, кішісіне тигенін – Кіші жүз атаған екен дейді.
Тағы бір дерек, қазақ Алтын Ордадан бөлініп шыққаннан кейінгі хандары
Жәнібек, Керейден соң болған хандардың біреуі
Ахмет хан әскерлерін Ұлы
жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп үшке бөліп, қалмақпан соғысқан.
Сонда Ахмет
ханның әскері қалмақты шаба берген соң, қалмақтар Ахмет ханға «Алашы» деп
ат қойыпты. «Алашы» деген сөз қалмақша мейірімсіз қанішер, жауынгер деген
мағынада.
Ахмет хан,
қалмақ бұл атты дарытқан соң, қазақтар «алашылып»
шауып, ақыры сол қазаққа ұран болыпты. «Алаш», алаш болғанда, алашы хан
болғанда, қалмаққа не қылмадық» - деп қазақтың мақтануы сол дейді.
/
Төле би/.
2. Омоним деп нені айтамыз?
3. Мәтіндегі
«қыл», «қорық» сөздеріне морфологиялық талдау жасаңыз.
26-жаттығу.
1.Төмендегі
сөздердің
тілде
қандай
мағынада
қолданылатынын көрсетіп, көркем шығармалардан мысалдар келтіріңіз.
Бол, түт, күн, дау, тар, ара, қақ, жұрт, алыс, ар.
Жаныстан Әлібек шығып би болыпты,
Басқарып Ұлы жүзді игеріпті,
Қазыбек, Әйтеке би, Әлібекпен,
Заманы үшеуінің бір болыпты.
Бір мүшел Әлібек би үлкен екен,
Қадірлеп «Ағамыз» деп сый беріпті.
Бір жағын «Ұлы жүз» деп қадір тұтып,
Құрметтеп Әлібекті күнделікті.
Кейінгі әйелінен Әлібектің,
Данышпан Төле деген ұл болыпты.
Жасынан сөзге шешен сара бопты,
Он төртте бітпей жатқан дауды шешіп,
Ақылы атасынан дана бопты.
Төленің «бала би» деген даңқы шықты,
Жүргізген оның жолы таза бопты.
43
Мүгедек, мүсәпірге пейірі түсіп,
Жетім мен жесірлерге пана бопты.
Қазыбек, Әйтеке би қартайған соң,
Төле би үш жүзге де аға бопты.
Қазақтың түп тарихын анықтауға,
Үш жүзді Төле жүріп аралапты.
Мөр басып шежіренің шындығына,
Қазақты анықтаған Төле бопты!
Әруақты бабалар,
Ойлаған ұрпақ жағдайын.
Келмеске кеткен сендерді
Есіме бір сәт салайын,
Жасынан тілді игерген,
Әділетті сүй деген,
Қарақылды қақ жарып,
Дүйім жұрттты билеген,
Даңқы шыққан алыстан
Ұрпақтары табысқан,
Артында аңыз сөз қалған,
Ажалдан хабар келмесе,
Төле би қайда өлмесе.
/С.Қалиұлы «Төле би – төбе би»/.
2. Құрамына қарай омонимдерді қалай жіктеуге болады?
3. Омонимдер қалай жасалады?
Достарыңызбен бөлісу: