Ақырет өткелдері


-белгі: Аңдар мен жансыз заттарға тіл бітуі



Pdf көрінісі
бет101/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

49-белгі: Аңдар мен жансыз заттарға тіл бітуі 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) аңдар мен жансыз заттарға тіл бітуін 
Қияметтің белгісінен дей келе: «Бір кісі үйінен шығып, қайта 
оралғанда, аяқкиімі мен қамшысы үйіндегілердің ол жоқ кезде 
не істегенінің хабарын беретін кез таяп қалды», – деген. 
Осы хадистің келесі бір риуаятында: «Жаным қолында болған 
(Аллаһ)пен 
ант 
етейін! 
Жыртқыш 
аңдар 
адамға 
сөйлемейінше, кісі қамшысының ұшы мен аяқ киімінің бауы 
сөйлемейінше, (адамның) сан жамбасы (ол жоқ кезде) 
1
Муслим. 
2
Әт-Табарани. 
3
Муслим. 


115
 
 
үйіндегілерінің не істегенінің хабарын бермейінше Қиямет 
келмейді», – деген
1

50-белгі: Ефрат өзені арнасының ауысып, алтын таудың 
шығуы
2
 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Ефрат алтын таумен бөгелгенге дейін 
Қиямет келмейді! Оған (алтынға таласып) адамдар қырылып-
қырқысады. Әрбір жүз (адамнан) тоқсан тоғызы өлтіріледі. 
Олардың әрқайсысы: «Мүмкін, құтылатын мен болармын», – 
деп айтады», – деген
3

Убай ибн Кағб (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Ефрат алтын таумен бөгелудің алдында 
тұр. Кім ол жерде болса, одан ештеңе алмасын!» – деп 
айтқан
4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет