Кіріспе І. Оқыту әдістері теориясы және түрлері



бет1/11
Дата12.02.2023
өлшемі190 Kb.
#67164
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………3-4
І. Оқыту әдістері теориясы және түрлері
1.1 Оқыту туралы түсінік…………………………………………….5
1.2 Оқытуды үйымдастыру формалары туралы түсінік………….6-9
ІІ. Өзбекстандағы білім беру саласы
2.1 Өзбекстандағы білім беру жүйесіндегі оқытудың түрлері….10-12
2.2 Оқытудың түрлері және оларға сипаттама…………………...13-17
2.3 Дистанциялық оқыту технологиясы…………………………..18
2.4 Проблемалық окытудың теориялық негізі………………...…19-21
2.5 Проблемалық оқытудың тиімді жақтары………………….…22-25
Қорытынды……………………………………………………….26-27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………..28-29

Кіріспе
ХХІ ғасырдағы оқытудың ең өзекті мәні, ерекше мақсаты бүгінгі тәрбиеленіп отырған жастың <<Өз елінің ұйқысы, ел тағдырын шешуші ұлтының өкілі>>екендігін жүрегімен сезіне білуге тәрбиелеу. Өзбекстан егемендігін алып елеулі жаңа кезеңге иек артып отыр. Ел дербестігіне ие болған бүгінгі жағдайда кеше өз тағдыры басқанын қолында болған қазақ ұлты енді басқаның тағдыр таукыметін мойнына алды. Олай болса Өзбекстан Республикасының бет бейнеси, жеткен жері ең әуелі қазақ ұлтының жетістігімен өлшенеді.


Бүгінгі таңда мектептегі оқыту білім беруді жалпы модернизациялау және оның орталық буыны ретіндегі оқушылар білімдерін жаңалауды табысты жүргізу оқушыларды Өзбекстан азаматы ретінде тәрбиелеу және өқыту, яғни біздің қоғамның сатылып дамуымен тығыз байланысты. Ұлт болашағы бүгінгі жастарымыздың білімі мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Кемеңгер халқымыз “сана берсін!” деген тілекті текке айтпаса керек. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсаринның “Егер балалар бірдеңенітүсінбейтін онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсінтіре отырған өзін кінәлауға тиіс” деген қанатты сөзі ерексіз ойға оралады. Ғүлама ғалым Әл-Фараби “Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі” деп,ең алдымен, адамға тәрбие берілуі керектігін алға тартады.
Зерттеудің өзектілігі: Даму бағдарламасын жасаған елдер биікке қарыштап, алға қадамдаса, нақты жоспары жоқтар қоп нәрседен кешеуілдеп қалатыны мәлім. Осыған орай қазіргі кезде еліміз бен мемлекетіміз Қазақстан-2030” мақсаттарын жүзеге асыру бағытында батыл іс-әрекеттер жасап жатқаны баршаға аян.
Сонымен бірге қолданатын өқытудың түрлері, оқушылардың өзіндік жұмысы, дамыта оқыту технологиясын, ғылыми жаңалықтар мен озық алдынғы қатарлы тәжірибені жетік меңгеру- ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы. Жоспар құрар алдында әрбір мұғалім сабақ тақырыбына орай мақсатын қоя билуі керек. “Бүгінгі сабақта не үйретемін?, Қалай үйретемин?” Деген сұрақ жоспардың маңызды бөліміне айналуы керек. Жаңа тақырыпты балаға жеткізе білу, оны ұқтыру тәжірибелі муғалім мен әлсіз мұғалімді айыратын түс. Ескере кететін бір нәрсе оқыту-үйрету техникасын теория жүзінде білу бір бөлек, ал оны тәжірибелік түрде жүзеге асыру үлкен мәселе.
Бұдан шығатын қорытынды: теория мен тәжірибе арасында сабақтастық болып, екеуі ұштасқанда ғана нәтижелі болмақ. Сонымен бірге мұғалім өзі беретін пәнді жетік меңгеріп қана қоймай, әрбір тақырыпты қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып ғылыми тұрғыдан беруі қажет.
Өқу үрдісі білімді беру,тексеру, бағалау деп аталатын жүйелердің өзара бірлігінен тұрады. Оқу үрдісінде білімді беруде оқушылардың пәнге қызығуларын арттырудың бір жолы - жаңа білімді меңгертуге олардың өздерін белсенді қатыстыру. Білімді меңгеру үшін ережелерді, заңдылықтарды, теоремаларды есте сақтау жеткіліксіз. Оқушы; тараптарынан қисынды талдау жасай отырып, оны орынды пайдалан білулері қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет