Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет104/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

шынымен 
(Дәжжал) 
шығады. 
(Мұсылмандар) соғысқа дайындалады, (сол аралықта) намазға 
иқамат айтылып, сап түзеп тұрғанда, Мәриямұлы Иса 
(аләйһис-сәләм) түседі», – деген
2

Ясир ибн Жабир былай деп әңгімелейді: «Бірде Куфада қызыл 
дауыл тұрды. Сонда бір кісі келіп, әдетінше: «Ей, Абдуллаһ ибн 
Масғуд! Қиямет келді!» – деді. Шынтақтап жатқан (Абдуллаһ) 
түзеліп отырды да: «Расында, Қиямет мирас бөлінбейтін және 
олжаға қуанбайтын жағдай болмайынша келмейді» – деп, 
қолымен Шам жақты нұсқады да: «Дұшпан Ислам қауымына 
қарсы жиналады, Ислам қауымы да оларға қарсы бас 
біріктіреді», – деді. Мен: «Румдықтарды айтып тұрсың ба?» – 
дедім. Ол: «Иә, сол соғыс кезінде діннен қайту көп болады. 
Мұсылмандар әскер жасақтап, өліспей беріспеуге немесе 
жеңбейінше қайтпауға серт қабылдайды. Түн болғанша 
соғысады. Олар да, мыналар да жеңіссіз қайтады. Алайда әскер 
сапы азайып қалады. Сосын мұсылмандар тағы да әскер 
жасақтап, өліспей беріспеуге немесе жеңбейінше қайтпауға 
серт қабылдайды. Түн болғанша соғысады. Олар да, мыналар да 
1
Бұлар екіжүзділер мен атақ-даңқ үшін соғысқан мұсылмандар еді. 
2
Муслим. 


118
 
 
жеңіссіз қайтады. Алайда бұл әскер сапы да азайып қалады. 
Содан соң мұсылмандар тағы да әскер жасақтап, өліспей 
беріспеуге немесе жеңбейінше қайтпауға серт қабылдайды. Кеш 
батқанша соғысады. Олар да, мыналар да жеңіссіз қайтады. 
Алайда бұл әскер сапы да азайып қалады. Төртінші күні 
болғанда, мұсылмандардың қалғандары жасақталып, Аллаһ 
үстемдікті осыларға береді. Бұрын-соңды кездеспеген қырғын 
болады. Тіпті олардың жанынан ұшып өтіп бара жатқан 
құстар өте алмай өліп, құлап түседі. Соғысқа қатысқан жүз 
кісіден тұратын бір атаның ұлдарынан бір ғана кісі қалады. Қай 
олжаға қуанады?! Немесе қай мирас бөлінеді?! Олар осылай 
тұрғанда одан да қиын жайт туралы хабар келеді. 
«Әулеттеріңе Дәжжал келді!» деген айғай естіледі. Сол кезде 
қолдарындағы 
нәрселерін 
тастап, 
жолға 
шығады. 
(Мұсылмандар) барлаушы ретінде он аттылы кісіні жібереді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен олардың есімдерін, әкелерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет