істейді» 1 ;
«Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? Ол (жатырға) тамызылған бір тамшы ұрық суы емес пе еді? Сосын ол ұйыған қан болды. Оны Аллаһ жаратып, толықтады. Сөйтіп, одан (бұл адамнан) екі жыныс: ер және әйелді жаратты. Ендеше, Ол (яғни мұның барлығын жасай
білген Аллаһ) өліктерді қайта тірілтуге Құдіретті емес пе!?» 2 ;
«Ал адам баласы өзін алғаш жаратқанымызда (өзінің) дәнеңе емес екенін жадында ұстамай ма?» 3 – деген.
Көк пен жер сияқты үлкен-үлкен нәрселерді жаратқан Аллаһ
тағалаға адамды қайта тірілту не тұрады?! Бұл жайында Аллаһ
тағала Құран Кәрімде: «Сондай көктер мен жерді жаратқан (Аллаһ) солар сияқтыны жаратуға Құдіретті емес пе?» 4 –
деген.
Сондай-ақ Аллаһ тағала өлі жерді тірілткені сияқты
адамдарды да өлгендерінен кейін тірілтетіні жайлы: «Ол сондай (Аллаһ) рақымының (жаңбырдың) алдында желдерді сүйінші етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда өлі бір өлкеге жіберіп, сол жерде ол арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен әртүрлі жемістерді шығардық. Осылайша, өліктерді де тірілтеміз. Мүмкін үгіт аларсыңдар» 5 , – деп баяндаған.
Сол сияқты адам әр ұйықтап тұрған сайын өліп-тірілуді
сезінеді. Өйткені ұйқы – кіші өлім. Аллаһ тағала: «Ол сондай 1
«Ясин» сүресі, 77-аят.
2
«Қиямет» сүресі, 36-40 аяттар.
3
«Мәриям» сүресі, 67-аят.
4
«Ясин» сүресі, 81-аят.
5
«Ағраф» сүресі, 57-аят.
16
(Аллаһ) түнде сендердің жандарыңды алады. Сондай-ақ күндіз не істегендеріңді біледі. Содан соң белгілі бір мерзім