Бұл дүниеде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ислам мемлекетінің
негізін қалаған. Ол (с.а.с.) Ислам үмбетін көтеру жолында тіпті
түрлі жиһадтарға шыққан уақытта да, әрдайым өз сахабаларына
Ақыретті
егжей-тегжейлі
түсіндірген.
Сонымен
қатар
мұсылмандарға екі тарапты тепе-теңдікте ұстауды, дүние және
дін істерін Аллаһ белгілеген шариғатқа сай реттеуді өсиет еткен.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көрсетіп, қалыптастырып кеткен бұл
жағдай – біздің осы дүниедегі ұстанымымыз. Сол тұстағы
сахабалар мен ізгі буындар осы үйренгендерін жадында сақтап,
артық сөз, дау-дамай тудырмастан, оны дұрыс ұстана білді. Осы
себепті оларды Ақыретке деген шынайы сенім дүниелік істерден
тыйған жоқ. Өйткені Аллаһ тағала: «Аллаһтың саған берген (дәулетімен) Ақырет мекенін ізде. Сондай-ақ дүниедегі несібеңді де ұмытпа» 1 , – деп Құранда ашық айтып нұсқау берген
нәрседе біздің орынсыз ойларға еруіміздің қажеті қаншалық?!
Әрине, шын мәнінде де, осы тепе-теңдікті бұзып, біржақты
түсінікпен, Исламның тура жолынан ауытқыған адамдар мен
жамағаттар баршылық. Әлбетте, біз оларды құптамаймыз.
2. Ақыретті танып-білудегі біздің тағы бір қажеттілігіміз –
өзіміз білмейтін (ол күн туралы) мағлұматтарды оқып-білу,
олармен танысу. Адам баласының жаны білмеген нәрсесіне
күйгелек келеді. Әсіресе ол болашақта өзін не күтіп тұрғанын
білмесе... Мысалы, болашақтан үміті жоқ пендеге көз салайық.
Ол үмітсіздігінің кесірінен түрлі жаман әдеттерге бой алдыруы
мүмкін. Тіпті өз болашағын білгісі келіп, жұлдызнамаларға
жүгініп, бақсы-балгерлерге немесе астрологиялық болжамдарға
ұрынады. Мұның соңында өзін аздырған, жанын жегідей жеген
түпсіз, тұңғиықсыз қиялдар мен ойларға душар болады. Соңыра
уақыт өте келе, өкініштен басқа ештеңеге де қол жеткізе
алмайды...
1
«Қасас» сүресі, 77-аят.