Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет8/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Сондай-ақ 
пайғамбарымыз 
Мұхаммед 
(с.а.с.) 
да 
құрайыштарды бір Аллаһқа құлшылық етіп, Ақырет күніне иман 
келтіруге шақырған. Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдына 
бір кәпір келіп, қолындағы өзі алып келген қураған сүйекті 
майдалап уатады да, ұнтақты ауаға шашып жіберіп: 
«Ей, Мұхаммед! Мынаны Аллаһ қайта тірілтеді деп бөсесің 
бе?» – дейді. 
Бұл жайтқа қатысты Аллаһ тағала: «Ол өз жаратылысын 
ұмытып, Бізге мысал келтірді. «Шіріген сүйектерді кім 
тірілтеді?» – деді. Сен: «Оны әу баста жаратқан тірілтеді. Ол 
– барлық жаратылысты Білуші», – деп айт»
1
, – деген уахи 
түсіреді
2
... 
Сол сияқты бүгінгі күнде де арамызда шайтан сенімдерін 
әбден билеп-төстеп алған, «Ақырет күні бар» дегенге таңғалатын 
адамдар аз емес. Олар Ақырет туралы, өлімнен кейінгі өмір 
жайлы әңгіме қозғағандарды «Онда кім барып келіпті» деп 
әжуалайды. Ал өздері бастарына бір қиын іс түскенде, сол сәттен-
ақ Жаратушысы Аллаһқа жалбарынып, дұға қылатынын сырт 
көзге білдірмеуге тырысады. Сондай-ақ бұл өздерінің басқалар 
алдындағы пендешілігі мен сасық кеуделілігінен екенін 
ескермейді де!.. 
Адамзатты жоқтан бар еткен, бір тамшы судан жаратқан 
Раббымыз Аллаһ Өзінің құлдарынан Ақырет күні есеп алатынына 
ешкімнің де күмән келтіруі мүмкін емес. Ендеше, ең бастысы – 
Аллаһ тағаладан барша адамдарға иман, тауфиқ (сәттілік) және 
тура жол беруін тілейміз. 
1
«Ясин» сүресі, 78-79 аяттар. 
2
Ибн Кәсир. 


12
 
 
Ақырет күніне сенбейтіндерге жауап 
Ақырет күніне және қайта тіріліп, сұраққа алынатындарына 
сенбейтіндерге жауап ретінде Аллаһ тағала Құранда бұл дүниенің 
өзінде-ақ өлтіріп, сосын қайта тірілткен адамдары жайлы алты 
мысал келтірген: 
1. Аллаһ тағала «Аллаһты ашық көрмегенімізше саған еш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет