а) Кәпірлердің жағдайы Бірінші: Аллаһ тағала олардың қабірден қор болып, көздері
төмен қарап, сүмпиіп, өздеріне қасірет айтып тұратынын: «Сол күнде олар қабірлерінен тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді. Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне, бұл – оларға уәде етілген күн» 2 ;
«(Мұхаммед!) Ендеше, олардан бет бұр. Шақырушы жаман бір іске шақырған күні олар қабірлерінен көздерін сүлмитіп, таралған шегірткеге ұқсап шығады. Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: «Бұл ауыр күн», – дейді» 3 ;
«Сүр үрілсе, сонда олар қабірлерінен Раббыларына жүгіреді. «Әттеген-ай! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды екен?», – дейді» 4 , – деп хабарлайды.
Сондай-ақ бастарына түскен тауқыметтен кәпірлердің көздері
шарасынан шығып, кірпіктерін қақпай, оң-солына қарай алмай,
жүректері боп-бос болып, ештеңе ұқпай қалатыны жайлы:
«(Мұхаммед!) Аллаһ залымдардың істегендерінен қаперсіз деп әсте ойлама! Шынында, Аллаһ оларды көздері шарасынан шығатын бір күнге дейін кешеуілдетеді. (Сол
күні) олар бастарын қақшитып, олардың көздері өздеріне де 1
«Инфитар» сүресі, 2-аят.
2
«Мағариж» сүресі, 43-44 аяттар.
3
«Қамар» сүресі, 6-8 аяттар.
4
«Ясин» сүресі, 51-52 аяттар.
176
қайырылмай және жүректері ұшып, жүгіріп бара жатады» 1 , –
деп құлағдар етеді.
Кәпірлердің жүректері жұтқыншаққа келетінін баяндап:
«(Мұхаммед!) Оларға жақындаған Қиямет күнін ескерт. Сол уақытта жүректер жұтқыншаққа келіп, қайғыға толы болады»