Ақырет өткелдері


Олардың ең туралары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», –



Pdf көрінісі
бет153/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

Олардың ең туралары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», – 
дейді»
2
, – деген. 
Біздің бұл дүние-тіршілігіміз білген жанға бар-жоғы бір тұтам 
ғана уақыт. Олай дейтініміз, Құранда: «Аллаһ оларға: «Сендер 
жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?» – дейді. Олар: «Бір күн 
немесе одан аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді. 
«Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар», – дейді»
3
, – деп 
баяндалады. 
Қиямет күні болатын жағдайлар 
Аллаһ тағала Қиямет күні дүниедегі жер, тау, аспан, 
жұлдыздар, күн мен ай басқаша көрініс табатынын хабарлаған. 
Бірінші: Аллаһ тағала: «Олар Аллаһты, шын мәнінде
бағалай алмады. Негізінде, Қиямет күні жер бүтіндей Оның 
уысында және көктер де оң қолымен бүктеледі»
4

«Ол күнде көкті кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, 
әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл – бізге бір міндет. 
Шынында, біз орындаймыз»
5
, – деп жерді уысына алып
аспанды бүктейтінін білдіреді. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ Қиямет күні жерді уысына алады. 
1
«Назиғат» сүресі, 46-аят. 
2
«Таһа» сүресі, 103-104 аяттар. 
3
«Муминун» сүресі, 112-114 аяттар. 
4
«Зумәр» сүресі, 67-аят. 
5
«Әнбия» сүресі, 104-аят. 


173
 
 
Аспанды оң қолымен бүктеп тұрып: «Мен – Патшамын! 
Жердің патшалары қайда?» – деп айтады», – деген
1

Екінші: Құран Кәрімде Аллаһ тағала: «Сонда бір рет сүр 
үрілген сәтте жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген 
сәтте, міне, сол күні Қиямет уақиғасы болады. Сол күні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет