Сонда Аллаһ тағала оның аузын жауып, дене мүшелерін
сөйлетеді.
Әбу Һурайра мен Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ ол екеуіне разы
болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Пенде
Раббысына
жолыққанда,
Аллаһ
(пендеге):
«Сені
құрметтемедім бе? Басшы қылмадым ба? Үйлендірмедім бе?
Саған жылқы мен түйені бағындырмадым ба? Басқарып,
олжаның төрттен бірін алуға мүмкіндік берген жоқпын ба?»
– дейді. (Пенде): «Иә, уа, Раббым!» – дейді. Аллаһ (пендеге):
«Менімен кездесетініңді білдің бе?» – дейді. (Пенде): «Жоқ», –
дейді. «Сен Мені ұмытқандай, Мен де сені ұмытамын», –
делінеді де, ол (тозаққа) тасталады. Сосын екінші (пендемен)
жолығады да, оған: «Сені құрметтемедім бе? Басшы
қылмадым ба? Үйлендірмедім бе? Саған жылқы мен түйені
бағындырмадым ба? Басқарып, олжаның төрттен бірін алуға
мүмкіндік берген жоқпын ба?» – дейді. (Пенде): «Иә, уа,
Раббым!» – дейді. Аллаһ (пендеге): «Менімен кездесетініңді
білдің бе?» – дейді. (Пенде): «Жоқ», – дейді. «Сен Мені
ұмытқандай, Мен де сені ұмытамын», – делінеді де, ол да
(тозаққа) тасталады. Сосын үшінші (пендемен) жолығады да,
оған да дәл солай айтылғанда: «Саған, Кітабыңа, елшіңе иман
келтірдім, намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім», –
деп шамасы келгенше жақсылықтарды айтады. (Аллаһ):
«Саған қарсы (куәлік беретін) куәгерімізді жіберейін бе?» –
Достарыңызбен бөлісу: |