240
«Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың бір бөлігі
бөлінеді»
1
, – деп айтылады.
Тозақтың ең төменгі қабатына соған лайықтылар түседі, сосын
оның қақпасы жабылады да, оның үстіндегі
келесі қабат
ашылады, оған да лайықтылар түседі, содан соң оның қақпасы
жабылып, оның үстіндегі тозақ
қабаты ашылады және қашан
толғанша адамдар оған осы ретте тоғытылады
2
.
Тозақтың күзетшілері
Тозақтың періштелерден құралған арнайы күзетшілері болады.
Оларды сипаттап Аллаһ тағала Құранда:
«Ей, иман
келтіргендер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен
тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басында қатал, ірі
денелі періштелер бар. Олар Аллаһтың бұйырғанына қарсы
келмейді, өздеріне бұйырылғанды істейді»
3
, – деген.
Олардың саны – он тоғыз. Аллаһ тағала:
«Сен тозақтың не
Достарыңызбен бөлісу: