235
етейін! Жаннаттағы үйлеріңді бұл дүниедегі үйлеріңнен де
оңай табасыңдар», – деген
1
.
д) Ағраф
Барлық амалдар таразыға тартылып,
сараланып, жаннаттық
немесе тозақтық
адамдар анықталған соң, олардың арасында
жақсы амалдары мен жаман амалдары тең болып қалатын жандар
да кездеседі. Мұндай адамдар «ағрафтықтар» деп аталады. Ағраф
– жаннат пен тозақтың арасындағы бір мекен.
Олар Ағрафта
тұрып, жаннатқа қараған сайын оған құштарлықтары артып
кіруге дәмеленеді, ал тозаққа
қараған сайын қорқыныштан
дірілдеп, Аллаһтан пана сұрайды. Осылайша, ағрафтықтар Аллаһ
рұқсат бергенге дейін біраз уақыт Ағрафта қала тұрады да, кейін
Жаратушы тарапынан рақымшылық жасалып жаннатқа кіреді.
Яғни ағрафтықтардың ақырында барар жері жаннат болмақ.
е) Ажалдың бауыздалуы
Пайғамбар
(с.а.с.):
«Жаннаттықтар
жаннатқа,
тозақтықтар тозаққа кіргізілген соң, жаннат пен тозақтың
арасына ажалды әкеледі де, оны бауыздайды. Сосын жаршы:
«Уа, жаннаттықтар, (енді)
өлім жоқ! Уа, тозақтықтар,
(енді)
өлім
жоқ!»
–
деп
(жариялайды)
.
Сонда
жаннаттықтардың қуанышына қуаныш қосылады, ал
тозақтықтардың қасіретіне қасірет қосылады», – деген
2
.
1
Әл-Бұхари.
2
Әл-Бұхари, Муслим.