Ақырет өткелдері


тозақ бар. Оған ірің суы ішкізіледі. Ол жұтуға тырысқанмен



Pdf көрінісі
бет222/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

тозақ бар. Оған ірің суы ішкізіледі. Ол жұтуға тырысқанмен, 
оны тамағынан өткізе алмайды. Сондай-ақ оған әр тараптан 
өлім келеді. Ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыр азап 
келеді»
3
, – деген.
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні тозақтықтар арасынан 
дүние халқындағы ең бір рақатта болғанын әкеліп, тозаққа 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 
3
«Ибраһим» сүресі, 15-17 аяттар. 


243
 
 
бір салып алып: «Ей, Адам баласы! Сен (дүниеде) бір қайыр 
көрдің бе?» – деп (сұралғанда), ол: «Жоқ, уа, Раббым!» – деп 
айтады екен», – дейді
1

Басқа бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.) тозақтықтарды сипаттап: 
«Тозақтағы кәпірдің екі иығының арасы – жылдам жүрген 
аттылыға үш күндік жол», – деген
2

Бұл хадистен біздің ұғарымыз, тозақтықтардың азабы арта 
түсу үшін Аллаһ тағаланың құдіретімен олардың денесі үлкейіп 
кетеді. Жаһаннамда кәпірлердің басына адам ойына сыйғысыз 
ауыр азаптар түседі. Рас, Аллаһтың мейірімі өте кең, сонымен 
қатар Оның жазасы да қатты. 
Келесі бір хадисте азабы ең жеңіл болатын тозақтағы пенденің 
жағдайы туралы Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тозақтықтардың 
азабының ең жеңілі – Қиямет күні табанының астына шоқ 
қойылған бір кісі, одан оның миы қайнайды», – деген
3

Тозақтықтар түрлі тәсілде, тағамдары мен сусындары арқылы 
азапталады. Аллаһ тағала: «Олардың ащы, сасық тікеннен 
басқа ешбір тамағы болмайды. Ол семіртпейді де, аштықты 
да баспайды»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет