Ақырет өткелдері


көріктерің артыпты!» – деп айтады»



Pdf көрінісі
бет252/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

көріктерің артыпты!» – деп айтады», – деген
1

Яғни әр жұмада жаннаттықтардың сұлулықтары арта түседі.
й) Жаннатта не қаласаң, сол болады 
Жаннаттағыларға қалағанын істеуге, қалағанын тамашалауға 
рұқсат етіледі. 
Пайғамбар (с.а.с.) хадис айтып жатқан кезде оның алдында бір 
бәдәуи отырады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Жаннаттықтардан 
бір кісі Раббысынан егін егуге рұқсат сұрайды. (Аллаһ тағала) 
оған: «Сенде қалағаның бар емес пе?», – дейді. Ол: «Әрине, 
бірақ мен егін егуді жақсы көремін», – дейді. Сөйтіп, ол дән 
себеді. (Дәні) қас-қағым сәтте өсіп шығып, бой түзеп, таудай 
мол өнім береді. Аллаһ тағала: «Ала ғой, ей, Адам баласы! 
Расында, сені еш нәрсе тойдырмайды», – деп айтады», – дейді. 
Сол кезде бәдәуи: «Аллаһпен ант етейін! Сен оның құрайыш 
немесе ансар екенін көресің. Өйткені олар – диқандар, ал біз 
диқан емеспіз», – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) күліп 
жіберіпті
2

к) Жаннаттағы ең ұлы игілік 
Жаннаттықтарға нәсіп болатын ең ұлы игілік – Аллаһ 
тағаланың разылығы. 
1
Муслим. 
2
Әл-Бұхари. 


273
 
 
Әбу Сағидтан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте, 
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағала жаннаттықтарға: «Ей, 
жаннаттықтар!» – дейді. Олар: «Ләббәй, уа, Раббымыз, біз 
Саған әрқашан шатпыз! Жақсылықтың бәрі Өз қолыңда!» – 
дейді. (Аллаһ тағала): «Разы болдыңдар ма?» – дейді. «Уа, 
Раббы, разы болмай не бопты?! Расында, бізге ешбір 
жаратқаныңа бермегеніңді бердің!» – дейді. «Одан да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет