276
Қорытынды
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Барша адамзаттың
мырзасы Мұхаммедке және оның отбасына, сахабаларына әрі
оларға Қияметке дейін ізгілікпен ілескендерге Аллаһ тағаланың
салауаты мен игілігі болсын!
Міне, біз осы арада мұсылман бауыр-қарындастарымызға
арнап
құрастырып,
жазған
«Ақырет
өткелдері»
атты
жинағымыздың соңғы беттеріне де келіп жеттік. Еңбекті әзірлеу
барысында кеткен кемшілік-қателер болса, ол – біздің және
пендені жаңылдырып, адастырушы шайтан лағынеттің іс-
әрекетінен. Өйткені ұлы дәреже Иесі әрі Жомарт Аллаһ тағала
кемшілік атаулыдан пәк!..
Кітаптан «тоқсан сөздің тобықтай түйіні» ретінде түсінеріміз –
Жаратушы Аллаһ тағала жер мен көктегі әрбір құлын бекерге
жаратпағаны, әрі жер бетіндегі әрбір пендесі өзіне жүктелген
міндеттерін қаншалықты атқарғанына қарай сый-сыяпатын
немесе жазасын алар Қиямет күнінің бар екені, сондай-ақ ол
күннің қашан келетінін бір ғана Раббымыз – Аллаһтың білетіні...
Қиямет күні Аллаһқа өтірік айтқандардың жүздері қап-қара
болады. Әрі олар тозаққа кіргізіледі. Ал фәни дүниеде иман
келтіріп, тақуалықта болғандарды Аллаһ тағала дүние және
Ақыретте толық қолдап, құтқарады. Оларға ешқандай жамандық
жуымайды әрі олар қайғырмайды. Олардың Ақыреттегі орны –
жаннат!
Ендеше, құрметті оқырман, бұл жинақты оқып, ішіндегі
берілген барлық мағлұматтарды ой-өрісіңізден өткізіп, жақсылап
саралаған соң, жоғарыда аталған екі орынның қайсысын (яғни
тозақ пен жаннат) таңдауды өз еркіңізге қалдырдық. Бірақ толық
шешім қабылдаудан бұрын Құран Кәрімдегі мына аятты әрдайым
жадыңызда ұстауыңызды ескертеміз. Онда Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: