Сол сияқты Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһтың дидарын іздеп, мешіт салса, Аллаһ оған жаннатта сол сияқтыны тұрғызып береді», – деген
1
.
Сондай-ақ жаннатта шатырлар болады. Аллаһ тағала:
«Шатырларда тұратын хор қыздары бар» 2 , – дейді.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы шатырды сипаттап: «(Ол) шатыр іші қуыс ірі лүлуден, биіктігі көкке қарай отыз миль. Оның әрбір бұрышында мүміннің (өзінен) басқалар көрмейтін бір-бір әйелі бар» 3 ;
«Расында, мүмін үшін жаннатта бір дана іші қуыс лүлуден шатыр бар, оның биіктігі көкке қарай алпыс миль және мүмін үшін онда әйелдер бар. Мүмін оларды айналып жүреді, ал олар бірін-бірі көрмейді», – дейді
4
.
ғ) Жаннаттықтардың киімдері мен сәндік бұйымдары Жаннаттық әрбір адамның киімдері мен сәндік бұйымдары
бұл дүниедегі ешбір патша мен бай-манапқа бұйырмаған
нәрселерден тұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаннаттықтарды: «Олардың ондағы ыдыстары алтыннан, тарақтары алтын мен күмістен», –
деп сүйіншілеген
5
.
Сондықтан пенденің дүние сәнін емес, жаннаттың сәнін
іздегені абзал. Аллаһ тағала: «Олар онда алтын білезіктермен безенеді және жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді» 6 , – деген.
1
Әл-Бұхари, Муслим.
2
«Рахман» сүресі, 72-аят.
3
Әл-Бұхари.
4
Муслим.
5
Әл-Бұхари.
6
«Кәһф» сүресі, 31-аят.
268
Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.) шәһидтің жаннаттағы сән-
салтанатын сипаттап: «Басына құрмет тәжі кигізіледі. Ондағы