Мұнан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөзін жалғастырып: «...ал кім асықса, қонысқа жетеді. Аллаһтың тауары қымбат емес пе? Ал Аллаһтың тауары – жаннат емес пе?» – деген
1
.
Демек, Аллаһ тағаланың бұл қымбат тауарына қол жеткізу
үшін қажымастан тер төгу керек.
Жоғарыда айтылған әңгімелерден бауырларымыздың жүрегіне
түскен қорқынышты сейілту үшін үміт жайлы айтылған аят-
хадистерден біразын келтірсек. Мысалы, Аллаһ тағала Құранда:
«(Мұхаммед!) «Ей, өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың рақымынан күдер үзбеңдер. Аллаһ барша күнәларды кешіреді. Өйткені Ол – аса Кешірімшіл, өте Мейірімді», – де» 2 ;
«Рақымым әр нәрсені сыйдырады» 3 , – дейді.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) үміт жайлы өз сөздерінде не айтқан
еді?..
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Кім(Маған) бір жақсылықпен келсе, оған дәл сондай он (жақсылық беремін) немесе (одан да) арттырамын. Ал кім бір жамандықпен келсе, жамандықтың жазасы дәл сондай бір жамандық немесе кешіремін. Кім Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір кез жақындаймын. Ал кім Маған бір кез жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Кім Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп барамын. Кім Маған жер толы қателіктермен, Маған ештеңені серік қоспай жолықса, Мен оны дәл сондай кешіріммен қарсы аламын», – деп айтады», – деген
4
.
Жабирден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте
Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір бәдәуи келіп: «Уа, Аллаһтың 1
Әт-Тирмизи.
2
«Зумәр» сүресі, 53-аят.
3
«Ағраф» сүресі, 156-аят.
4
Муслим.