Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет30/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғанға дейін бұл естігені жайлы 
ешкімге тіс жармаған. Тек Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүниеден 
өткеннен кейін ғана, өзінің өлері алдында адамдарға айтып 
берген. 
Сондай-ақ келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Аллаһтан өзге құдай жоқтығына және менің Аллаһтың 
елшісі екендігіме куәлік беремін. Қайсыбір пенде шәк-шүбәсіз 
бұл екеуімен Аллаһқа жолықса, жаннаттан тосылып 
қалмайды», – деген
1

Қателік жіберу, күнә істеу адам баласының табиғатына тән 
екендігі әу бастан-ақ баршаға мәлім. Аллаһ елшісі (с.а.с.): 
«Сендер күнә жасамағандарыңда (еді), Аллаһ тағала күнә 
істейтін, сөйтіп, (Өзі) оларды кешіретін (басқа бір) 
жаратылыс жаратар еді», – деген
2
.
Аллаһ тағала шынайы мұсылманның Ақырет күніне деген 
үрей мен үміттің арасында өмір сүретіні жайында: «Расында, 
олар жақсылықтарға ұмтылып, Бізден үміт пен үрей 
арасында тілейді және Бізге жан-тәнімен беріледі»
3
, – деп 
хабарлаған. 
Біз күнә жасап қойсақ, өкінеміз және Аллаһтан кешірім сұрап, 
жасаған күнәміздің ақырынан қорқамыз. Бірақ күнә жасадық екен 
деп Аллаһтың рақымынан үміт үзбейміз. Осылайша, үміт пен 
қорқыныштың арасында өмір кешеміз. Егер бұл екеуін 
бойымызда біріктіре алсақ, онда Ақыретте жетістікке жетеріміз 
хақ. 
1
Муслим. 
2
Муслим. 
3
«Әнбия» сүресі, 90-аят. 


35
 
 
II БӨЛІМ 
ӨЛІМ ЯКИ КІШІ ҚИЯМЕТ 
Кітаптың бұл бөлімінде әрбір адамның қияметі саналатын 
(яғни «өмірінің соңы», «кіші қиямет» деп те аталатын) өлім 
жайында сөз болады. Сондай-ақ бөлімде жанның ұғымы, рухтың 
тәннен ажырауы, ұйқы – кіші өлім, өлім – ақиқат, ажалдың 
мерзімі және орны, пенденің жантәсілім етуі, мүміннің жан 
тапсыруы, кәпірдің жан беруі, өлім алдындағы арпалыс, адам 
баласының бұл өмірді қимауы және пенденің өлімді жек көруі 
сияқты тақырыптармен танысасыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет