хабарлары оның Қиямет күні өзінің бетінде әрбір еркек пен
әрбір әйел пенденің не істегеніне куәлік беруі. (Жер):
1
Әт-Тирмизи.
2
Әт-Тирмизи.
3
«Зілзала» сүресі, 4-аят.
31
«(Пәленше) мына-мына күні, мынаны-мынаны істеді», – дейді.
Оның хабарлары осы», – деген
1
.
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят
етілген
хадисте
Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Қалай
ләззаттанайын?.. Керней иесі (Исрафил) кернейді аузына
алып, маңдайын иіп, құлағын тосып үрлеуге бұйрық күтіп
тұр. (Қашан бұйырылады), үрлейді», – деген
2
.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзі Ақыреттің қаншалықты
жақын қалғанын аңғартады. Исрафил (аләйһис-сәләм) кернейін
үруге бұйрық күтіп дайын тұр. Бұл – Ақыреттің басталуының
белгісі. Мұндай суық хабардан Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
сахабалары үрейленіп қалады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға:
«Аллаһ бізге жеткілікті. Ол – өте жақсы Уәкіл. Раббымыз
Аллаһқа тәуекел қылдық», – деп айтыңдар», – деген екен
3
.
Біз, мүмін-мұсылмандар, қанша жерден ынта-жігеріміз күшті
болып, ізгі амалдарымыз көбейіп, сауаптарымыз артқанмен,
Аллаһтың рақымына ілікпей, жаннатқа жете алмаймыз. Тек
Аллаһ тағаланың мейірімімен ғана жаннаттың есігін аша аламыз.
Рас, Ақыретті ойлау қорқынышты-ақ! Бірақ бұл адамның
сағын сындыратын, жүнін жығатын, үмітсіздікке бой алдыратын
қорқыныш емес, керісінше, пайдалы, нәтижелі қорқыныш. Бұл
айтқанымызға Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Кім қорықса,
асығады», – деген сөзі айқын дәлел.
Яғни Ақыреттегі Аллаһтың азабынан қорыққан пенде
бейғамдыққа салынбай, неғұрлым сауапты амалдарды көбірек
жасауға тырысып, Қияметке әзірлікте болады.
1
Ахмад.
2
Әт-Тирмизи.
3
Әт-Тирмизи.
|