Ақырет өткелдері


Біз жақынырақпыз. Бірақ сендер көрмейсіңдер»



Pdf көрінісі
бет42/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

Біз жақынырақпыз. Бірақ сендер көрмейсіңдер»
2
, – деген. 
Аятта баяндалғандай, біз үшін бұл жағдай көмес. Егер адам 
баласы бұл жайтты көзімен көрсе не сезінсе, оның өмірге деген 
құлшынысы мүлдем жоғалар еді. Аллаһ тағала: «Жоқ! Олай 
емес! Жан алқымға келген кезде (сонда): «Кім дем салады?» – 
делінеді. Ол, шын мәнінде, айырылу екенін сезеді. Балтыры 
балтырына айқасады. Ол күні Раббы жаққа айдалады»
3
, – 
деген. 
Сондай-ақ Бәдір шайқасында өлген мүшріктер жайлы Құран 
аяты келген. Онда Аллаһ тағала: «Періштелер, сондай 
кәпірлердің беттеріне, арқаларына ұрып: «Күйдіретін азапты 
татыңдар!» – деп жандарын алғанын көрсең! Бұл бұрынғы өз 
қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан. Аллаһ құлдарына 
зұлымдық етуші емес»
4
, – деп баяндаған. Ибн Кәсир және өзге 
де көптеген ғалымдар бұл сөздің жалпы кәпір атаулыға қатысты 
екенін айтқан. 
Аллаһ тағала кәпірлердің жандарының қалай шығатынын және 
олардың өліммен арпалысуын: «Аллаһты жалғанға шығарған 
немесе өзіне ешбір уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», – 
1
Яғни ағза-ағзасын қуалап қашады. 
2
«Уақиға» сүресі, 83-85 аяттар. 
3
«Қиямет» сүресі, 26-30 аяттар. 
4
«Әнфәл» сүресі, 50-51 аяттар. 


48
 
 
деген және: «Аллаһ түсірген сияқтыны мен де түсірем», – 
дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед!) Залымдарды өлім 
арпалысында періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды 
шығарыңдар! Бүгін Аллаһқа қарсы орынсыз сөйлегендерің
Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы 
азаппен жазаланасыңдар», – дегенде бір көрсең!»
1
– деп 
әңгімелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет