Ақырет өткелдері


мерзімдерді, есептелген күндерді және ажыратылған



Pdf көрінісі
бет39/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

мерзімдерді, есептелген күндерді және ажыратылған 
ризықтарды сұрадың. Ешбір нәрсе мерзімінен бұрын 
ілгерілетілмейді және Аллаһ ешбір нәрсені мерзімінен кейін 
кешеуілдетпейді. Одан да Аллаһтан өзіңе тозақ азабынан 
және қабір азабынан пана болуын сұрасаң, ол сен үшін 
қайырлы және жақсырақ болар еді», – деген
4

Яғни пенде Аллаһтан өз өмірін ұзартуды қанша сұрағанымен, 
ол өлшеулі ғұмыр болғандықтан, мұнан ештеңе өзгермейді. Ол 
тек қана Жаратқанға аян. Аллаһ тағаланың Өзі ғана білетін бес 
нәрсе бар. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ғайыптың кілттері бесеу. 
Оларды Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Расында, Қияметтің 
қашан 
болатыны 
Аллаһтың 
алдында. 
Ол 
жаңбыр 
жаудырады, жатырлардағыны біледі. Ешбір жан иесі ертең 
не істейтінін білмейді және ешбір жан өзінің қай жерде 
1
«Жұма» сүресі, 8-аят. 
2
«Уақиға» сүресі, 60-аят. 
3
Яғни Умму Хабиба (Аллаһ оған разы болсын) бұл сөзі арқылы 
Аллаһтан жақындарының ұзақ өмір сүруін тіледі. Өйткені арабтар 
біреуге ұзақ өмір тілеуді қаласа: «Аллаһым, бізді одан пайдаландыр», – 
деп айтатын. 
4
Муслим. 


45
 
 
өлетінін білмейді. Аллаһ – бәрін Білуші, аса Хабардар
1
», – 
деген
2
.
Яғни хадистен түсінгеніміздей, ажал мерзімі – Аллаһқа ғана 
аян, ғайыптың ісі. 
Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінің бірінде: 
«Егер Аллаһ бір жерде пенденің жанын алуды қаласа, оған ол 
жерде бір қажеттілік жасайды», – делінген
3

Яғни оны бір себептермен сол жерге алып барады. 
Жантәсілім ету 
Жан алудың басы – ажалдың келуі. Ажал келсе, жан алынады. 
Адам баласы үшін мұнан құтылудың ешқандай айла-шарасы жоқ. 
Ол осы сәтте жан тапсыруға мәжбүр болады. Бұл туралы Құдірет 
Иесі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет