Ақырет өткелдері


жоқ және олар қайғырмайды»



Pdf көрінісі
бет59/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

жоқ және олар қайғырмайды»
2
, – деген. 
Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) пенденің іс-амалымен 
жолығуын баяндап: «Оған көрікті жүзді, әдемі киімді, иісі 
жағымды бір кісі келіп: «Сені қуантатын (нәрсемен) сүйін; 
Аллаһтан болар разылықпен және игілігі тұрақты 
жаннаттармен сүйін. Бұл – уәде етілген күнің», – дейді. Оған 
мәйіт: «Сен де, өзіңді де Аллаһ жақсылықпен сүйіндірсін. Сен 
кімсің? Жүзің жақсылық хабаршысы екен», – дейді. Ол: «Мен – 
сенің ізгі амалдарыңмын! Аллаһпен ант етейін! Сені Аллаһқа 
бойсұнуға асығушы ретінде, Аллаһқа (қарсы) күнә жасауда 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
«Бақара» сүресі, 38-аят. 


67
 
 
асықпаушы (бас тартушы) ретінде таныдым. Аллаһ сені 
жақсылықпен марапаттады», – дейді. Сосын оған (мәйітке) 
жаннаттан бір есік, тозақтан бір есік ашылады. Тозақтың 
есігі көрсетіліп: «Егер Аллаһқа күнәкарлық қылғаныңда, бұл 
сенің мекенің болар еді. Енді Аллаһ саған оны жаннаттағы бір 
орынмен алмастырып берді», – делінеді
1
. Ол жаннатқа 
(қарап), оның ішінде не нәрселер барын көрген кезде: «Раббым! 
Отбасыма және мал-дүниеме қайта оралуым үшін Қиямет 
күнін тездетіп келтіре гөр», – деп (тілейді)», – деген. 
Яғни ол Қиямет күнінің тезірек болуын қалайды. 
ә) Кәпірдің қабірде сұраққа алынуы және оған амалының 
келуі 
Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.с.) кәпірдің яки бұзықтың 
қабірдегі жағдайын да сипаттап: «Ал кәпір (немесе мұнафиқ) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет