Ақырет өткелдері


ә) Ілім үйреніп, оған амал қылмау, парыз амалдарға көңіл



Pdf көрінісі
бет62/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

ә) Ілім үйреніп, оған амал қылмау, парыз амалдарға көңіл 
бөлмеу, өтірік айту және зинақорлық пен өсімқорлық 
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен түнде маған екі 
кісінің келгенін көрдім. Ол екеуі мені қолымнан жетектеп, 
қасиетті жерге алып шықты. Қарасам, бір кісі отыр, қолында 
имек темірі бар бір кісі түрегеліп тұр. (Түрегеліп тұрған кісі) 
ол имек темірді (отырған адамның) езуіне желкесіне 
жеткенше кіргізеді. Сосын екінші езуін де солай етеді. (Сол 
аралықта) мына (жыртылған) езуі жазылады да, (оның езуіне) 
қайтадан әлгіндегідей істейді. Мен: «Бұл не?» – деп (сұрадым)
Ол екеуі: «Алға жүр!» – деді. Біз ілгері жүріп, шалқасынан 
жатқан бір кісіге келдік, оның бас жағында дәу тасы (немесе 
жартастың бөлігі) бар бір кісі тұр. Ол (жатқан адамның) 
басының мылжа-мылжасын шығарады. Ол ұрғанда тас 
домалап кетеді, оны барып алып, қайтып келгенше ананың 
басы жазылып, қалпына келеді де, қайтадан басына ұрады. 
Мен: «Бұл кім?» – деп (сұрадым). Ол екеуі: «Алға жүр!» – деді. 
Біз алға жүріп тандырға ұқсас, аузы тар, табаны кең, 
астынан от жағылып жатқан бір шұңқырға бардық. 
(Шұңқырдағыларға от) жақындаса, олар шығуға шақ қалып 
жоғары көтеріледі де, бәсеңдегенде (орындарына) қайтады
2

1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
Яғни от шарпығанда, олар тесіктің аузына дейін келеді. От артқа 
қайтып, қайта көтерілгенде ішіндегілер жанталасып қайтадан тесіктің 
аузына кептеледі. Жағдай осылайша қайталанып отырады. 


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет