Тенденциялары



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

«Қан мен тердегі» Ақбала мен Бҽкизат образдарында 
ұқсастық  бар. Екеуі  де кҿрсоқыр сезімнің жетегінде кетіп, 
ақыры  ҿздерінің  қадірін  білмес  Тҽңірберген  мен  Ҽзімге 
жем болады. Ақбала Тҽңірбергеннен кеткен соң, жел қуған 
қаңбақтың күйін кешсе, Бҽкизат бір түнде Ҽзімге суынып, 
Жҽдігердің  қадірін  білмей  кеткеніне  опық  жейді. 
Сондықтан да Жҽдігердің тек амандығын тілейді. 
Романдағы  жаман  қасиеттерімен  кейіпкерлер  -  Ҽзім, 
аудан 
басшысы 
Қозы 
қарын, 
Ҽзімді 
мадақтап, 
насихаттаушы  Жуан  Жақайым,  кеңес  белсендісі  – 
«құдайсыздар  ұйымының  мүшесі»  Сары  Шая,  жҽдігҿй 
Қожбан. 
Осылардың 
бҽрі 
– 
кеңестік 
жүйенің 
жандайшаптары. 
Роман «сондай да бір күн болған», «сондай да бір түн 
болған»  деген  екі  кітаптан  тұрады.    Автор  табиғаттың 

  66 
 
 
бүлінуі  адам  пиғылының  бұзылуынан  шығатынын 
кҿрсетеді. 
Ҽ.Нұрпейісов  –  кҿркем  аударма,  публицистика,  эссе, 
сын саласында да, аудармада да  ерен еңбегі  бар қаламгер. 
А.Чехов,  М.Горький,  Назым  Хикметтің,  испан  жазушысы 
А.Кэсоның шығармаларын аударды.  
1972  жылы  «Толғау.  Раздумье»  атты  ҽдеби  сын, 
эсселер жинағы жарық кҿрді. 
1979  жылы  «Край  голубых  озер»,  1985  жылы  «Ақ 
бидай туралы аңыз» очерктер жинағы шықты. 
«Своя  и  чужая  боль»  мақаласында  1990  жылы 
А.Солженицынның  «Как  нам  обустроить  Россию»  деген 
үндеуіне қарсы шықты. 
Ұлы  М.Ҽуезовтің  ҿзі  Ҽ.Нұрпейісовті  «алдыңғы  аға 
буын жазушылармен қатар соларға ілесе келе жатқан тағы 
бір  талантты  жазушы»  деп  бағалауы  оның  ҽдебиеттегі 
орнын межелейтіндігі сҿзсіз. 
Ҽ.Нұрпейісов  прозасы  –  қазақ  ҽдебиетін  ҿркендетуге, 
халқымыздың  рухани  қазынасын  байытуға  қосылған  баға 
жетпес мұра. 
  
Негізгі әдебиеттер: 
1.
 
Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 
2.
 
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет 
ҽдебиеті.-Алматы, 1987. 
3.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дҽуіріндегі  қазақ  ҽдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
4.
 
Дҽдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
5.
 
Қазақ  ҽдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
6.
 
Ҽшімбаев  С.  Шындыққа  сүйіспеншілік.-Алматы: 
Жазушы, 1985. 

  67 
 
 
7.
 
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994. 
8.
 
Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975. 
9.
 
Елеукенов Ш. Ҽдебиет жҽне ұлт тағдыры.-Алматы, 
1996. 
10.
 
Дҽдебаев  Ж.  Ҿмір  шындығы  жҽне  кҿркемдік 
шешім.-Алматы,1991. 
11.
 
Жұмаділова 
Н. 
1960-90-жылдардағы 
қазақ 
романы.-Қарағанды,2003. 
 
Қосымша әдебиеттер: 
1.
 
Жұмаділов 
Қ. 
Таңғажайып 
дүние.-Алматы: 
Жазушы,1996. 
2.
 
Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996. 
3.
 
Рахымжанов  Т.  Романның  кҿркемдік  ҽлемі.-
Алматы, 1994. 
4.
 
Майтанов  Б.  Қазақ  романы  жҽне  психологиялық 
талда.-Алматы,1996. 
5.
 
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002. 
 
Лекция  3.  Жұбан  Молдағалиевтің  ӛмірі  мен 
шығармашылығы (1920-1988) 
 
Жоспары: 
1.
 
Ж.Молдағалиевтің лирикасы. 
2.
 
Ж.Молдағалиевтің 
поэмалары. 
«Мен-
қазақпын»  поэмасындағы  ұлттық  сана  және  кӛркем 
характер. 
 
1
Ж.Молдағалиевтің 
лирикасы. 
Жұбан 
Молдағалиев  1920  жылы  қазіргі  Орал  облысының  Тайпақ 
ауданына  қарасты    Жыланды  деген  жерде  туған.  Кедей 
шаруа  отбасынан  шыққан.  Ҽкесінен  жасқа  толмай  тұрған 
кезде айырылған бала кейін шешесімен екеуі туған жерден 
басқа  жаққа  қоныс  аударады.  Ақынның  ҿз  айтуына 

  68 
 
 
қарағанда,  Жыландыға  қырық  жастан  асқан  шақта  қайта 
оралады.  Туған  топыраққа  арнап  кейін  бірнеше  ҿлең 
жазған. 
Жұбан  Молдағалиевтің    ақындық  ортасы  –  ең 
алдымен,  ауыз  ҽдебиеті  үлгілері,  баспасҿз  маңайы.  1939 
жылы  Оралда  оқып  жүргенде  Қасым  Аманжоловпен, 
Хамит  Ерғалиевпен,  Жҽрдем  Тілековпен  кездеседі. 
Жұбанның  ҿз  айтуы  бойынша,  ол  кезде  бұл  бала  ақын 
болса,  олар  оған  дана  ақын  кҿрінген.  «Тірі  ақынды  бетпе-
бет кҿргенін сол» дейді.  «Кел, жолдастар, жырлайық» деп 
мінбеден  оқыған  ҿлеңімен  олардың  ҿктем  үндерінің 
астында қалып қойғандай болды, - дейді ол.  
Жұбанның  алғашқы  жинағы  «Жеңіс  жырлары»  1949 
жылы  шықты.  Жұбан  ҽлі  29-да  ғана  еді.  Сҿйтсе  де  оның 
алғашқы  ҿлеңінің  ауқымынан  алыстап,  ҿскені  кҿрінеді. 
Айналасы  он-ақ  жылдық  тҽжірибе  оны  ақын  қатарына 
қосты. Оның үстіне оқ пен оттың жырларын бастан кешті. 
Ҿлең жазу емес, окоп қазу күндерін ҿтті. Дегенмен, сол оқ 
пен  от  арасында  ҿлең  де  жазылды  –  бірақ  бұл  соғыс 
шежіресі, соның күнделігі сияқты еді. Үзіліп қалған бейбіт 
ҿмірдің  елесін  аңсағандай,  гүл  мен  күлген  күннің  ҿзін 
кҿрмей, бірақ барын сезінгендей жырлар туды.  
Бұл  жай  ақынды  бірден  есейтіп,  ҽлеуметтік,  саяси 
құлашы  кең  поэзияға  бағыттады.  Қалам  үшкірлігі  ҽлі  де 
жастықты  аңғартса,  айтып  отырған  пікірі  -  ҿлім  мен  ҿмір 
арпалысындағы  жанның  ойын,  кҿңілін  сездіреді.  «Отан», 
«Бір  бассаң  да  алға  бас»,  «Туған  елге»,  «Қазақ», 
«Шығыста туған елім бар», «Жеңімпаздар сәлемі» деген 
1942-45  жылдары  жазылған  ҿлеңдерден  осы  жайды 
аңғарамыз. 
«Қазақ»  деген  ҿлеңнің  1943  жылы  жазған  дедік.  Осы 
туындыға  жас  қаламның  алғаш  толғанысына  назар 
аударсақ, ҽлгі ер жету, есею, яғни ерте жетілу дегенді анық 

  69 
 
 
кҿреміз. Біріншіден, ой, ұғым тереңдігін, түсініп молдығын 
аңғарамыз.  
«Жар болсын тыныштық» (1972), «Белгісіз солдат» 
(1971),  «Бейбітшілік  армиясы»  (1951),  «Биік  ұш, 
бейбітшілік 
кӛгершіні» 
(1952), 
«Сен 
дегенде, 
Ленинград»  (1976),  «Мамай  қорғаны  басында»  (1973) 
жҽне  басқа  кҿптеген  ҿлеңдерінде  белгілі  «Жыр  туралы 
жыр»  поэмасында  (1956)  соғыс  пен  бейбітшілік,  соғыс 
қалдырған зардаптар, естеліктер жайы қозғалады, ақын ҿзі 
бастан кешкен, жақсы білетін жайды қасиет деп, қастерлеп, 
ізетпен еске ала жырлайды.  
Ж.Молдағалиев поэзиясына тҽн нҽрсе – ой жүйесі мен 
тұжырым,  түйін  жалғастығы,  яғни,  айтылмақ  ойдың,  мҽн-
мағынаның  дҽл  түйінін  табуы,  шашырамай,  жалпыламай, 
жетелеген  ой  барысының  жарасымды  шешім  табуы, 
ҿлеңнің белгілі бір нҽтижелі түйінмен аяқталуы.  
Кҿп  мысалдың  бірі  ретінде  ақынның  «Махамбет 
қабірі басында» (1966) деген ҿлеңін алалық.  
Жер мен жексен, шҿп басқан тҿмпешіктен 
Кҿз ала алмай тұрмыз біз кҿп кешіккен.  
Ҽрі қарай арманда кеткен ақын жайы, батырдың қаны 
тҿгіліп,  «бармағын  шайнап  ҿткен  жер,  қанжығаға  басы 
байланып,  барымта  болып  кеткен  жер»  деп  Қарой  жерін 
жырлайды  ақын.  Толғаныс,  ойланыс,  ҿткенді  кҿзге 
елестету  жағы  тартымды,  мҽнді  айтылу  мен  бірге, 
Махамбеттің ҿз ырғағы ҿлеңге еніп, ажар беріп тұр. Бұл да 
ойлы ақынның ҿнері. Ҿз ҿрнегімен жүре берсе де болар еді. 
Бірақ,  ақын  Махамбеттің  ҿзін  сҿйлеткендей,  оның  отты 
жырының  үлгісін  ҿз  ҿлеңіне  қалып  етіп  алып,  ой  мен 
сезімге  бірдей  ҽсер  ететін  толғау  туғызған.  Кҿркемдік, 
тапқырлық дегенге осылай келу орынды. Ой қанша жақсы 
кҿрінгенімен,  сезім  қоздырарлық  қиыстырулар  болмаса, 
оның ҿзі дұрыс ҿлең, бірақ сидаң ҿлең боп шығар еді. Осы 

  70 
 
 
ҿлеңде  Жұбанның  алып  отырған  тақырыбына  қарай, 
Махамбет ҿрнегіне ҽдейі барғаны жарасып-ақ тұр.  
Келесі «Елуден кейін» (1972) деген ҿлеңінде ақын сол 
ой-идеяны ҽрі қарай ҿсіргендей.  
Мұны тағы да, «елуден асқан» дегенге қарап, ақын тек 
ҿз жайын айтып отыр екен деуден аулақ болу керек. Ҽрбір 
адамның, тіпті ақын емес жанның да ойланар жайлары ғой. 
Мҽселен,  ҿлең  жазбаса,  іс  істер,  пайдалы  тіршілік  етер, 
ҿзіне  де,  қоғамға  да  шипасын  тигізер  жалпы  азамат 
парызын айтып отырған ақын.  
«Уақыт»  деген  ҿлеңінде  (1973)  Жұбан  біраз 
философиялық  ойларға  кетеді.  Ілгері  ҿлеңдердің  бір 
кҿлемдірек,  тереңірек  нұсқасына  ұқсайды.  Адам  жайына, 
кҿңіл-күйіне  қарай  уақыттың  да  ҿзгеріп  тұратыны  белгілі. 
Ҿзгергенде  оның  я  ерте,  я  кеш  болып  тұратынында  емес, 
кейде  жүрмегендей,  минҿтің  жылға  татып,  ал  кейде  зулап 
ҿтіп  жылың  бір  минҿттей  болатын  жайлар  ұшырайды. 
Сондай  сҽттерді  кҿзге  елестетіп,  ақын  үлкен  ой  түйеді. 
Ҽрине, мұндай жайлардың себеп-салдары бар.  
Ҽр  тұстарда  жазылған  «Ортақ  баяндама»  (1954), 
«Алтын  арқа»  (1956),  «Біз  жырлаймыз»  (1956),  «Тың 
туралы  жыр»  (1958),  «Дала  суреттері»  (1970),  «Тың 
жердің  тұңғыш  тұрғыны»  (1972),  «Бәрекелді»  (1976) 
жҽне  басқа  Орал,  Жайық,  Кҿкшетау  жайындағы 
ҿлеңдерінде  ҿзгерген  ҿңір  жырланады,  оның  кешегісі  мен 
бүгіні, берекелі еңбек иелері – атақты, абыройлы еңбекқор 
жандар бейнесі суреттеледі. 
Адамның қоғамдағы орны, оның сан алуан қасиеттері, 
адамгершілік,  ізгілік  жайлары,  пайдасы  мен  залалы, 
алғысы  мен  қарғысы  –  Жұбан  ҿлеңдерінде  ҿте  жиі 
қозғалатын тақырып. 
Ең  алдымен  ақын,  ҽрине,  адамның  қоғамға,  халқына 
деген  қалтқысыз  еңбегін  мадақтайды.  Мұның  биік  түрі  – 
Отан үшін жан пида еткен кешегі Ұлы Отан соғысындағы 

  71 
 
 
сұрапыл  ерлік.  Кҿп  ҿлеңдердің  қайырмасындай  осы  жай 
ақын  туындыларында  үнемі  кҿрініп  отырады.  Басқа 
тақырыпқа  арналған  ҿлеңдерінде  де  ақын  осы  ұғымға 
оралып соқпай кетпейді. 
Келесі «Ар-ұят туралы» (1973) деген ҿлеңнен де осы 
жайды аңғарамыз. 
Ол ұят, - деді сол қазақ қарт, -  
Ҿлең де ожданнан безінбе! 
Жас жігіт күлді оны мазақтап: 
- Ұятың нан болса, езіп же. 
Міне, осылай қарапайым басталған ҿлеңде ұят пен ар, 
адамдық  пен  ізгілік  жайында  едҽуір  ұтымды,  орынды 
тұжырымдар  айтылады.  «Ҿлімнен  ұят  күшті»  деген 
мҽтелдің  мағынасында  ақын:  ажалдан  ҽркім-ақ  бір  ҿлер, 
ұяттан  бір  емес,  күнде  ҿлер;  ҽйтпесе:  қояндар  қамыстан 
ҿліпті, батырлар намыстан ҿліпті; тағы да: арынан жаны да 
садаға деген ірі ұғым-ой тастайды. 
Азаматтық  поэзия,  қазіргі  тұрмыс-жайымыздың 
ҿміршең  жақтарын  үлгі  етіп  жырлайтын  поэзия, 
қоғамымыздың, халқымыздың бүгінгі орасан жасампаздық, 
жеңімпаздық  қалпын  айқындай  түсетін  поэзия  –  бүгінгі 
ҿскен,  кҿркейген  ҽдебиетіміздің  жемісті  бір  тармағы. 
Жұбан  поэзиясының  түп  қазығы  осында.  Ақынның  туған 
жер,  ел,  халық  жайлы  ҿлеңдері  тебіренген  жүректен 
шыққан,  отан  ұлының  сҿзі.  «Ақын  бақыты»  (1952), 
«Сенсің  -  ӛлеңім»  (1961),  «Ұлы  саз»  (1964),  «Шыңның 
шыны»  (1977),  «Санаттамын,  саптамын»  (1978)  жҽне 
басқа ҿлең-толғауларында ақын биік парасатты ой-ұғымдар 
тҿгеді.  Бұл  азаматтық  жырлар  ақын  ҿзі  бастан  кешкен 
жайға  толық  ұйқасады.  Яғни,  қаршадай  басынан  соғысқа 
аттанып,  елін  қарумен  де,  қаламмен  де  қорғаған,  кейінгі 
қиыншылық  жылдарды  басынан  кешкен  жан  нағыз  халық 
перзентті  ретінде  кҿкірегіндегі  ой-арманын,  ризалық 

  72 
 
 
кҿңілін  ашық,  қалтқысыз  білдіреді.  Бұлар  –  Жұбан  жырға 
қосқан қасиетті ҿнегелі, ҽрі ҿнімді тақырып. 
Қазақ тілі жайындағы ойлы, сырлы ҿлеңдер де кҿңілге 
қонымды. «Аманат» (1968), «Қазақшадан аударылған»и 
(1971),  «Қазақ  тілі»  (1975)  деген  ҿлеңдерінде  туған  тіл, 
оның  жер  мен  халық,  сахара  даламен  біте  қайнасқан  ата 
мен ана тілі екенін терең толғаныспен айтады. 
Қанша жан, қай заман озбасын,  
Намысын қорғайды барымен.  
Жасаңдар, жасаймын ҿз басым,  
Ардагер Октябрь арымен. 
Адамды 
мадақтаумен 
қатар, 
ақын 
оның 
кейбіреулерінің  осал,  жағымсыз,  ұнамсыз,  тіпті  жексұрын 
кейіптерін де назардан тыс қалдырмайды. Алдымен, ҽрине, 
бауырмалдықты,  достықты  паш  етеді.  Сыйластықты, 
қарапайымдылықты  жырлайды.  Сондықтан  да  ақын  ең 
алдымен адамды қадірлей білу шарт дейді. 
Адамды тіріде тек бағалайық,  
Ардақтап, апалайық, ағалайық... 
Ҿлген соң ҿзі жайлы некрологты  
Оқуға дананың да шамасы жоқ. 
Тұрмайды ҿлгенен соң соққан белгі 
 Бір ауыз жылы сҿзге тірідегі. 
Сонымен  бірге  ақын  күйректікті,  солқылдақтықты 
жаратпайды: 
Қорқақтар құлдыққа кҿніпті, 
Батырлар дауыл боп тҿніпті. 
...Ҿзін жеңсе, ажалды да жеңеді, 
Ажалдың да ҽлсіздер ғой сенері. 
Бар ҽркімнің ҿз ҿмірі, ҿз мінезі 
Жайылады қой ықтап, жылқы желдеп. 
.. Дүмпуіл тауларды да тҿңкереді, 
Осы бір қуаты ғой ең керегі. 
Оқа емес жарықшағы жанап ҿтсе, 

  73 
 
 
Қорқақтар қарап жүріп еңкейеді. 
Адамның  жарамсыз  қылықтарын  айтқанда  ақын 
ерекше  жігерленіп,  ашынатын  сияқты,  оған  ҿзінің  тҿзе 
алмайтын  жай-күйін  білдіргендей.  Ҿткір,  ҿтімді  теңеу, 
метафора  сҿздер  де  іркілмей  табылып  жатқандай.  «Бір 
жолдас»  (1977)  деген  ҿлеңінде  ұждан  мен  мансап  жайын 
ҽңгіме етеді, яғни, мансапқорлықтың адам мінезін, құлқын 
қалай  ҿзгертетінін  кҿрсетеді.  Облыстағы  бір  жолдасы 
қияннан  кҿзі  шалса  болғаны,  қолпаштап  қолды  бір 
қысқалы  жүгіреді  скен.  Бір  күні  ол  Алматыға  қызметке 
ауысыпты: 
Қонжиды астаналық бір столға
Қуандым, білмей кенет ҿзгерерін. 
Мен оны құттықтадым сол тұрғыдан, 
Ұстап бір жиналыста қолтығынан. 
Тигендей болды қолым монументке, 
Қараған сұп-суық сұр зор тұғырдан. 
Ҿлеңнің  келесі  жолдарынан  ҽлгі 
«батырдың» 
сонадайдан бұрынғыша ұмтылғанын кҿреміз. Кҿн құрысса, 
қалпына барады деген, «бір тықыр, - деп ойладым - таянды 
оған».  Бірақ  қайырылмай  кете  берген  кейіпкер  мінезінен 
ҽлгі  бишараға  берілген  бағаны  да  байқаймыз.  Мұндағы 
«қонжиды»,  «монумент»  деген  сҿздер-ақ  оның  желкесін 
үзіп  тұр.  Кекесін,  сықақ  жеткілікті,  ҽсіресе  «монумент», 
«суық монумент» ҿте орынды табылған метафора. 
«Жалақорға,  күншілге»  (1973)  деген  ҿлеңінде  ақын 
осындай  жандарда  ҿші  бардай,  шабыттана,  ҿршелене  сын 
айтады. 
Сенен ақ сҿз естімедік, 
Қастық, жала қаруың. 
Сүт орнына ҿстің бе еміп, 
Ҽбжыланның зҽр уын. 
Бұл  сипаттас  топтамалар,  жеке  ҿлеңдер  жеткілікті. 
Адам  артықшылығын,  ізгілігін  жырлаған  ақын,  оның 

  74 
 
 
шерменде,  пендешілік  халін  кҿргісі,  мойындағысы 
келмейді.  Сондай  жексұрын  адамдар  мен  жат  мінездерге 
ақынның  жаны  қас,  оған  тҿзе  алмайды.  Сондықтан  да 
оларды  айтпай,  сынамай,  ҽжуа,  ҽшкере  етпей  ақын  тұра 
алмайды.  Бұл  шығармаларға  қағаздың  оң-терісі  сияқты  ҽр 
нҽрсенің оңы мен солы сияқты қарауымыз керек. Дүниені, 
ҿмірді,  адам  ортасын  танитын,  білетін  адам,  философ, 
ойшыл  құбылыстың  бір  жағын  ғана  кҿріп,  екінші  жағын 
кҿрмесе,  сыңаржақтық,  субъективтік  түсінік,  ұғым  болар 
еді.  Сан  алуан  құбылыс,  кҿріністердің  алды  мен  артын, 
дұрысы  мен  бұрысын,  байламын  айту,  ҽсіресе,  ақын 
адамның  тікелей  міндеті,  парызы.  Сондықтан  да  бұл 
таным,  білімдерді  Жұбанның  кең  диапазонын,  мол 
дүниетанымын  байқататын  жайлар  деп  қарағанымыз  жҿн. 
Ҿйткені бұл ең алдымен ҿмір кҿрінісі, ҿмір құбылысы, ҽрі 
соның  шындығы.  Диалектикалық  заңдылықпен  жақсы  да, 
жаман да қатар жүріп, қатар ҿмір сүрмек. 
Жұбан  ақынның  кҿп  ҿлеңдері  ҽйел  қауымына,  қазақ 
ҽйелінің бұрынғы-соңғы халіне, ҽйел - ана, ҽйел - жар, ҽйел 
-  қарындас,  қыз  деген  қасиетті  тақырыпқа  арналған. 
Толғана,  тебірене  жазған  мойындау,  пайымдауы  мол, 
пафосы,  тасып  тҿгіліп  жатқан  асқақтығы  жағынан 
пҽрменді, отты туынды. Ҽрбір жол, шумағы  жатқа айтуға, 
жаттап алуға тіленіп тұрғандай, дыбыс ырғағы ҿлең буыны 
мен  ұйқасына  дем  беріп,  оған  үн  бітіріп,  дабылға 
шақырғандай  не  бір  салтанатты  апофеоздай  естіледі. 
Жұбан  ақынның  аса  бір  шабыты  түскен  сҽтінде  дүниеге 
келген сияқты. Публицистикалық болумен бірге, қайратты 
лирикалық  толғау.  Ешбір  жасықтықты  кҿтермейтін, 
тегеурінді, отты, қуатты лирика.  
1.  Ж.Молдағалиевтің  поэмалары.  «Мен-қазақпын» 
поэмасындағы  ұлттық  сана  және  кӛркем  характер. 
Поэма  дүниеге  келгеннен  кейін  сан  рет  радиомен  де, 

  75 
 
 
концерт  залы  сахнасынан  да  оқылды,  ҽлі  де  солай.  Бұл 
шығарманың нұсқалық болып кеткенін дҽлелдейді. 
Поэма  кҽдімгі  тҿрт  жолды  он  бір  буынмен  жазылған. 
Бірақ тропалық - бейнелеу, суреттеу құралдары кҿбіне тың 
болуымен  шығарма  ойға  да,  кҿңілге  де  қонымды, 
оралымды  қабылданады.  «Мен  -  белеспін,  мен  - 
Октябрьмін,  кҿзім  басыр  болса  да,  ойым  кҿргіш,  Түрксіб 
боп тҿселдім поездарға, тамшы болдым, шық болдым, дҽн 
де  болдым,  Мен  -  Жамбылмын,  Мен  -  Москва,  Жиырма 
сегіз, Мен - Ҽлия, Мен - Мҽншүк, Мен - Тҿлеген» дегендей 
бейнелі  теңеулермен,  метафорамен  бүкіл  тарих  айтылып 
тұрғанын  сеземіз.  Кҿркемдеу  құралдары,  бейнелеу 
амалдары  қиыннан  қиыстырылған,  сҿз  асылы  теріп 
айтылған, жоғары патриоттық сезімге толы шығарма. «Мен 
-  қазақпын»  Жұбанның  ақындық  белесі,  ҽрі  үлкен  табысы 
деп есептеледі. 
«Қыран  дала»  поэмасы  ақынның  ҿлең,  лирикада 
талай  кҿрініс  тапқан  дала,  ауылды  жер,  берекелі  ел  іші 
деген  ұғымдарды,  ондағы  ҿскен,  ҿнген  жандарды 
білдіретін,  ҿзі  сүйіп  жырлайтын  тақырыптың  апогеясы, 
яғни, шарықтап кҿрінген түрі деуге сияды. 
Тың жерді игеруге қатысқан, соған атсалысқан Тыңбай 
атынан жүріп отыратын хикая жаңа бастамаға байланысты 
бекіп, нығая түскен халықтар достығын, олардың бірге бас 
қосқан  табысты  еңбегін  кҿрсетеді.  Поэма  сюжеті 
шытырман  оқиғаны  қамтитын  ұзақ  сонар  емес.  Басты 
кейіпкердің  ҿзі  туралы  баяндауы  шығармаға  желі  болып 
тұр. Автор сюжет, фабула қоюлығын іздемеген жҽне оның 
керегі  де  жоқ.  Ҿйткені  айтылмақ  ой-ҿрнек  осы  форманың 
ҿзімен-ақ  тиісті  жеріне  жеткен,  шешімін  тапқан.  Тың 
ҽкелген жаңалық, табысты, ел ҿміріндегі үлкен ҽлеуметтік 
оқиғаны  айтып  ұғындыру  үшін,  сол  үлкен  құбылысты 
кҿркем  поэма  дҽрежесіне  кҿтеріп  жырлау  үшін,  ақын 
осындай лирикалық толғау формасын таңдаған. 

  76 
 
 
Музей  үйінде  тың  дҽуірінің  бейнесін  кҿріп 
ҽңгімелескен 
кейіпкерлер 
сҿзінен 
үлкен 
тарихты 
аңғарамыз.  Ҽкесі  қазақ,  шешесі  орыс  Тыңбайды  белорус 
қарты асырап ҿсірген екен. Соғыс басталғанда Тыңбайдың 
ҽкесі  ҽскери  қызметші,  атақты  Брест  қамалындағы  қиян-
кескі ұрысқа қатысқан, ҽрі қарай майдан жолдарын шарлап 
кеткен. Белорус қарты тҿңкерістен бұрын-ақ қазақ жерінде 
болғанын, 
ауып 
келген 
орыс, 
украин, 
белорус 
мұжықтарына  қазақ  даласы  пана  болғанын  айтып,  ҿткен 
тарихи  шындықты  біздің  кҿз  алдымызға  елестетеді.  Рас, 
бұл  достықтың,  «тамырлы»  достықтың  түбірі  ҽріде 
болатын.  Балықшы  да,  егінші  де,  малшы  да  болып  орыс-
қазақ  кедейлері  бірге  күнелткен.  Дүрбелең,  дауылды 
жылдарда  да,  онан  кейін  де  сол  достық  нығайып  ҿскен. 
Соғыс  дҽуірі  ҿз  алдына  хикая.  Кешегі  қиын-қыстау  кезде 
барша  халық  басқыншы  жауға  қарсы  тұтас  қол  ұстасып, 
қоян-қолтық  соғысқаны  мҽлім.  Бала-шағасын  ертіп, 
Ленинградтан  келіп,  қазақ  жерінде  пана  тапқан  аяулы  ана 
да сол достық отына жылынды. 
Осындай ұлы шындықтардың нҽтижесінде кешегі тың 
жерді  игеру  науқаны  да  орасан  оқиға,  белес  болып, 
жаңалық болып тарихқа енді. 
Поэмада  даланың  қаталдығы,  қыста  бораны  мен  аязы 
қысқан,  жазда  ыстық  аптабы  күйдірген  ауыр  күндер  мен 
түндер  жайы,  сол  қиыншылықтарды  жеңуге  бастаған 
халық ерлігі кең, терең жырланады. 
Айналып  келгенде,  қаншама  қиын-қыстау  күндер 
бастан  ҿткенмен,  ырысты  да,  табысты  да  берген  сол  дала. 
Қатал  дала  болса  да,  адам  күшімен,  адамның  қайырымды 
еңбегімен  кҿгерген,  жаңарған  дала.  Ақын  бар  ҿнер-
шабытын  сол  дала  мейіріміне  арнайды.  Жалпы  дала 
лейтмотиві поэмада ылғи қайталанып, ҽртүрлі сыр-сипатта 
кҿрініп отырады. 
О, дала, ойхой дала, ҿркен дала.  

  77 
 
 
Ҿңкей бір шілдехана ҿлкем дала!  
Білмеймін неге сені теңерімді,  
Кең дала, керік дала, кҿркем дала! 
Қазақ даласының қырын да, сырын да білетін, ҽрі оның 
қан  мен  аңға  сіңген  тіршілік  түбірі,  тірлік  тҿркіні  екенін 
терең  ұғатын  ақын,  сол  ен  далаға,  кең  далаға  гимн,  ода 
айтқысы келгендей. Жалпы «Қыран дала» поэмасы осылай 
ұғылғанда  ғана  ҿз  бағасын,  дұрыс  бағасын  алады.  Ҽрине, 
жыр  арқауы  алдымен  адам,  еңбек,  тыңға  шабуыл.  Бірақ 
соның  бҽрі  далада,  ежелгі,  ескі,  бергенінен  берері  кҿп 
берекелі  далада  ҿтіп,  жүзеге  асып  жатыр  деген  ұғым 
поэмадан үнемі сезіліп отырады. 
Дала тақырыбын кҿп жырлаған ақын осы поэмасында 
шарықтаған,  биікке  кҿтерілген.  Кҿркемдік  жағын  алсақ, 
белгілі  он  бір  буынды  ҿлең  түрімен  жазылса  да,  теңеу 
метафора, салыстыру ҽдістерінің молдығынан, ҽрбір сҿздің 
ҿз  орнында,  толық  мҽн-мағынасында  қолданылуы  арқылы 
тартымды  кҿркем  сурет  бейнелер  жасалынған.  Ҽдетте 
үлкен  тақырыпқа  барып,  шабытпен  жырлағанда,  ақын  ҽр 
қилы  ою-ҿрнекке  ұмтылып,  ұйқас,  ырғақ  іздеп  ҽуре 
болады. Бұл жағынан ҽңгіме етіп отырған поэма таза бірақ 
ҽрбір  шумақ,  жол  мағына  жағынан,  ой  салмағы  жағынан 
мейіріңді  қандырып  отырады.  Астық  үшін,  нан  үшін 
күрестің мҽнін ескі қазақ ұғымында бар түсініктерге жүгіне 
аңғартады. 
Түс емес, еске салсын ҿң күндерді, 
Нан үшін нансыз аштан ҿлгендерді. 
Құраннан қазақ оны биік қойған, 
Ұмыту жҿн бе ҿсіп-ҿнген енді? 
деген  жолдардан  нанды  қадірлеген  қазақ  ұғымын 
кҿреміз.  Дін  кітаптарын  баяғыда  дорбаға  салып,  биікке 
асып  қоятын  болған  ғой.  Сондай-ақ  керегенің  басында 
жарты  таба  нан  деген  жұмбақ  та  бар.  Нанды  да  кҿтеріп 
қоятын  болған.  Сонан  шыққан  шығар,  қазақтар  нанға 

  78 
 
 
шығып  құранды  алуға  болмайды,  құранға  шығып  нанды 
алуға  болады  деген.  Мұнан  дінге  самарқау  қарайтын 
қазақтың,  ҿмір-тіршілікке  келгенде  пысықтығын,  ҽрі  дҽм 
мен тұзға қасиетпен қарайтынын аңғарамыз. 
«Қыран  дала»  дегендегі  эпитет  толық  емес  сияқты 
кҿрінеді.  «Қыранды  дала»  емес  пе,  дегің  келеді.  Ҽсіресе, 
орысшасы  «Орлиная  степь»  болған  соң,  сондай  ой  туады. 
Бұған ақын ҿзі анықтама берген: 
Қыран деу - қанаттысың дегенім ғой, 
Ҽйтпесе тең келер ме қыран саған? 
Ақын даланың қыранды екенін, онда қыран ұшатынын 
айтпай-ды  екен.  Даланың  ҿзін  қыранға  теңейді,  қыранға 
балайды  екен,  яғни,  даланың  ҿзі  қыран,  қанатты  дала 
демек.  Бұл  сҽтте,  ҽрине,  «қыран»  эпитет  түрінде  даланың 
ерлігін, биіктігін байқатып тұр. 
1975  жылы  ақынның  «Сел»  поэмасы  жарық  кҿрді. 
Алматы  тарихында  1921  жылғы  селден  кейін  немесе  1963 
жылғы Есік кҿлін жойып жіберген топаннан кейін, орасан 
қауіп  ҽкелген  1973  жылғы  сел  айтарлықтай  апат  еді.  Қала 
аман  қалды,  бірақ  оның  қаншалықты  күш-жігерге  түскені 
тарихтан  белгілі.  Тау  бұзылып,  су  мен  тас  сел  боп  аққан, 
қара  жерді  қақ  тіліп,  жүрген  жерін  ұстарадай  жалмап 
отырған.  Апат  басталып,  топан  жҿңкіп  күш  алды.  Тек 
тоған,  тоғанда  ғана  үміт,  соған  келіп  тосқауылға 
ұшырамаса,  хал  қиын.  Ҽлі  түгел  жасалып  бітпеген,  ҽрі 
жұқа тоғанды дереу биіктету қалыңдату керек. Тоған кетсе, 
бүкіл Алматы сел астында қалуы анық еді. 
Осындай ҽрі алып, ҽрі қаупі зор оқиға поэмаға мазмұн 
болған.  Шығарма  түгелдей  сол  күндер  мен  түндердің 
аласұрған  күрес  сағаттарына,  ессіз  жауға  қарсы  біліммен, 
техникамен  қаруланған  адамдардың  күресіне  арналған. 
Мұндай оқиғаны кҿркем шығарма қалай суреттеуі мүмкін. 
Олай  болды,  бұлай  болды  десе  -  ол  жай  баяндау  болып 

  79 
 
 
шығар  еді.  Газет  хабарларында,  ышқына  жазылған 
репортерлік мақалаларда ол осылай кҿрінген, айтылған. 
Ақын  ойға,  суретке  ерік  береді.  Сол  жҽйттардың 
қалпын,  түр-түсін  кҿз  алдына  келтіреді.  Бұл  не  ғажап,  не 
ғаламат, цифр-ақпарларды былай тастап, ой кҿзімен, сурет, 
бейне  амалымен  қараса,  оны  қалай  айтып,  қалай 
түсіндіруге болар еді. Кҿркем сҿздің құдіреті жете ме, ҽсер, 
түйсік аларлықтай етіп айтып беруге болар ма? 
Жұбан Молдағалиев алдына осындай міндет қойған да, 
соны шешуге ұмтылған. Оңай дүние емес. Ҿйткені құр таң 
қалу,  құр  қиялға  берілу  жеткіліксіз.  Суреттеу  керек, 
дҽлелдеу  керек,  шындықтан  озбай,  сол  орасан  оқиғаның 
нанымды  бейнесін  жасау  міндет.  Ақынның  шеберлігі  де, 
шыдамдылығы  да  бұған  жеткен.  Бүгін  де  біз  апат  селдің 
бейнесін  осы  поэмадан  кҿре  аламыз.  Мҽселен,  қылқалам 
шебері  бояумен  салып,  жазып  берсе,  композитор 
музыкамен  келтірсе,  қандай  ҽсер,  сезім  алар  едік,  міне, 
сондай сурет, үн осы поэмадан кҿрінеді, естіледі. 
Сұлық, тұнық, бейхабар жатқан қала ештеңе білмейді. 
Алатаудың  басындағы  ақ  қар  ақша  бұлтпен  астасып 
кеткенін де ешкім кҿрмейді. «Сел» деген сҿз үкімет үйіне, 
басшыға келіп бір-ақ жетеді: 
Жетті кеп санаң ұққанша
Кезекті демің шыққанша.  
Бүлк етіп тамыр соққанша, 
Бұрқ етіп терді сыққанша. 
Кҿргендей жауын аңдыған, 
Жұлқынды жүрек, дір етті. 
Секундта кҿз алдынан 
Сұрапыл сурет дүр етті. 
Бір  сҽт  Басшы  кҿзі  алдынан  ҿткен  сол  суретті  ақын, 
бізге,  оқушысына,  егер  тоғанды  бұзып  ҿткен  сел  қалаға 
келсе,  не  болар  ақпарын  беріп  тұр.  Бізге  бір  тҽулік  қана, 
небҽрі  бір-ақ  тҽулік  уақыт  керек,  құбырмен  суды  ағызып, 

  80 
 
 
бҿгетті итеріп, ысырып тастағалы тұрған ерен күшті азайту 
үшін,  дейді  ол.  Лирикалық  шегіністерінде  ақын  ҿлең  де, 
шабыт та, мойымайтын кҿңіл мен қажымайтын күш біздің 
бірліктің,  солай  бекіп  орнаған  батырлық  салтымыздың 
нҽтижесі, соның арқасы деген тұжырымға келеді. Ақынның 
биікке самғап, ҿзі туралы, яғни, ҿзіміз туралы ой таратқан 
шақтарында түсінетініміз: «ҿлең - ол детектив те, ермек те 
емес, менің де ҿзге мұрат, мақсатым бар»: 
Жазбаймын уақыты ҿтсін, ойнасып деп, 
Жазамын, Абайша айтсам, ойласын деп. 
Ойласын ҿзі жайлы, заман жайлы, 
Кҿргенге қиялымен бойласын тек. 
Осы  ойды  жалғастырып,  ақын,  лирикалық  кейіпкер, 
сҽтімен біткен оқиғаны, баршаға мҽлім ерлікті неге жырға 
қосатынын ұқтырмақ. 
Сҿйтіп,  сел  туралы  дастан  осындай  қоғамдағы  адам 
орны  туралы,  оның  ақылы  мен  санасы  туралы  толғаныс, 
ода болып шыққан. Кҿркем шығармаға арқау болардай екі 
үлкен  алып  күш  бар  екені  анық:  долылығымен  қатар,  - 
даналығы да мол табиғат, меңіреу күш деп айтылатын апат 
пен  опат,  соны  ноқталауға,  тоқтатуға,  игеруге  жасқанбай 
баратын сана, амал. Медеу тасқыны ҿлім мен ҿмірді қатар 
қойған  қауіпті  апат  еді.  Ақынды  бұл  оқиғаға  барғызған  - 
поэзияға,  ҿлеңге  ҿзі  тіленіп,  сұранып  тұрғандай  адам 
тұлғасы, адам парасаты. Жұбан алған ойын орындаған. 
Сел  -  бұрын  қазақ  ҽдебиетінде  айтылған,  жырланған 
тақырып.  Кезінде  Тайыр  Жароковтың  «Тасқын»  поэмасы 
жоғары бағаланғаны мҽлім. Кейін ақын «Тасқынға тосқын» 
деген  поэма  жазды.  Ҿмірінің  соңғы  кездерінде  тудырған 
бұл шығармада ақын сол тоған, бҿгет идеясын қолдап, жыр 
етіп  еді.  Сол  тосқын  ақын  ҿмірінен  біраз  кейін  қолға 
алынып,  жүзеге  асырылды.  Осындай  ҽдеби  фактілік 
жағынан  қарасақ,  сол  тасқыннан  кейін  болған  тосқынды 
айту Жұбан Молдағалиевтың қолынан келді. Медеу тоғаны 

  81 
 
 
сияқты,  «Сел»  поэмасы  да  адам  санасына  қойған  бір 
ескерткіш болды. 
Шығармашылық ҿмірде ақын орны ерекше. Ақын сҿзі, 
ақын сезімі жалпыға ортақ, ол айтқан ой, парасат ҽркімнің-
ақ  бойында  бар  қасиет  болуы  мүмкін,  бірақ  бұл  солай 
айтьштайды, 
кҿрінбейді. 
Сондықтан 
ақын 
адам 
қауымының кҿзі мен құлағы іспеттес. Ол бҽрін кҿріп, бҽрін 
сезінуі  қажет,  басқа  айта  алмай  жүрген  жайды  бұл  айтуы, 
жария  етуі  керек.  Ҽрине,  ақындық  дарын,  талант  қана 
мұны  кҿтере  алады.  Осыдан  келіп  ақындық  елек,  талғам 
шығады.  Поэзия,  асылы,  ҿмір-тұрмыстың,  адамның  кҿңіл-
күйінің қай түрін, қай тереңін болса да суреттеп кҿрсетуге 
құдіреті  жететін  ҿнер.  Бірақ  ҽр  ақын  соның  бҽрін  тізе 
бермейді, 
ҿзінің 
таланты 
мен 
талғамына 
лайық 
құбылыстарды ғана алады. 
Ақын  қабілеті,  ақын  мҽдениеті  сарапшы  ісімен 
туыстас. Жоғары ақындық мҽдениет болмайынша, «кҿңілге 
түрлі  ой  салар»  жанды,  ҽлді  поэзия  туғызу  қиын.  Жұбан 
Молдағалиев  шығармашылығынан  осындай  ақындық 
мҽдениетті байқаймыз. Поэзия алдындағы жауапкершілікті 
терең  ұғып,  сезінетін  ақын  басы  артық  сҿзге  бармайды, 
ақыл-уағыз  айтам  деп,  бос  мақалға  ұрынбайды,  қайсы 
біреулерше ұрыншақ, анайы сҿзді қаптатып жатпайды. Бұл 
-  шеберлік  мҽселесі  ғана  емес,  ең  алдымен  поэзия 
мҽдениеті,  оның  биік  нысанасын  кҿздеу,  соған  ұмтылу, 
кҿркем  сҿздің  қоғамдық,  қауымдық  мақсатын  ұғыну. 
Азаматтық  поэзия  үлкен,  жоғары  мҽдениетті  талап  етеді. 
Ақын  сол  идеалға  ұмтылуы,  сол  биіктен  кҿрінуі  қажет. 
Мұндай  сападағы  ақын  да,  поэзия  да  халық  даналығын 
онан ҽрі байытпақ, жоғары кҿтермек. 
Поэзияның  ұлттық  түр-сипаты  деген  ҽр  халық 
поэзиясының  ҿзіндік  тҿлқұжаты  сықылды  нҽрсе.  Жұбан 
шығармашылығынан  қазақтың  нағыз  ұлттық  поэзиясын 
кҿреміз.  Қазақ  жері  мен  суынан,  желі  мен  кҿгінен  нҽр 

  82 
 
 
алған,  даладай  тынысты,  пҽрменді  поэзияны  танимыз. 
Мұндай  бояу,  ҿрнегі  болмайынша  ұлттық  поэзия  ҿзіндік 
сипатынан  айырылар  еді.  Ҽдебиет  тартымдылығы  оның 
ҽртүрлілігінде,  кесте,  қию,  ҿрнектерінің,  тіл  бедерлерінің 
санқилылығында.  Оқып,  үйрену,  тҽлім  алу  деген  басқа 
поэзияның жемістерін пайдалануда емес, соны кҿріп-біліп, 
сондай  мҽуелі  поэзия  жасауда.  Бұл  ретте  еліктеуге  жол 
жоқ.  Шығармашылық  ойлану,  ұғыну  болу  қажет.  Ұлттық 
беті, ой-түйіні жоқ поэзия ҿмір сүре алмайды. 
Жұбан  Молдағалиев  шығармашылығын  тұтас  алып 
қарағанда,  соңғы  ширек  ғасырда  оның  ірі  тұлғалы  ақын 
болып қалыптасқанын кҿреміз. Бүкіл дүние ҿлеңінде есімі 
мҽлім Жұбан қазақ ҽдебиетіне ҿзіндік үн, нақыш ҽкелді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет