Тенденциялары


Ілияс  Есенберлиннің  «Алмас  қылыш»  (1971)



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Ілияс  Есенберлиннің  «Алмас  қылыш»  (1971) 
романы  ќазақ  тарихының  ХҮ  ғасырдағы  тұсына  арналған. 
Тарихи  романдарды  терең    зерттеп    жүрген    ғалым 
Т.Бердібаев  бұл  туындыны роман-хроника, роман-шежіре 
деп атайды. Роман-хроника үлгісінде жазылған туындының 
ішкі заңдылықтарын ескерген жҿн. Мұнда философиялық-
психологиялық, 
ҽлеуметтік-психологиялық 
романдардағыдай    негізгі    нысана  ретінде  белгілі  бір 
қаһарман емес, тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбегі 
алынады.  Роман  осы  талапқа  сай жазылған. 
Романның  маңыздылығы  -  сол  дҽуірде  зерттелмеген 
ғасырлар  қойнауынан  сҿз  қозғауында.  Оқиғалардың 
хронологиялық  қатарының  қалыңдығы,  кейіпкерлердің 
санының молдығы, кҿркем суреттеудегі сараңдық, кҿбінесе 

  97 
 
 
авторлық  баяндаудың  басымдылығы  –  романның  негізгі 
белгілерін  айқындайтын  ерекшеліктер.  Мұның  бҽрі  де 
тарихи  кезең  жайында    ауқымдырақ  материал    беруден  
туындаған    секілді.    Ҿйткені  «Кҿшпенділер»  роман-
трилогиясы  сол  кезеңде  тарихқа    шҿлдеген  халық  үшін 
тарих  ғылымының  да    миссиясын  орындауға    мҽжбүр 
болған. 
Ендеше бұл романды талдау барысында осы жанрлық 
ерекшеліктерді  ұстанған  абзал.  ХҮ-ХІХ  ғасырлар    арасын  
қамтыған «Кҿшпенділер» романының құрылымы  осындай. 
«Алмас  қылышта»  Шыңғысхан  ҽлемді  жаулап  алу 
соғысынан    кейінгі  халықтың  ҿз  алдына  ел    болуды  
ойлаған    кезі  суреттелген.  Яғни  кесек  тарихи  оқиғаны 
еркіндікті,  елдікті  аңсаған  халықтың  тұрмыс-тіршілігімен, 
арман-мүддесімен сабақтастыра қарастырады. Шыңғысхан  
ұрпақтарының    Дешті  Қыпшақтағы    еншілігінен    бҿлініп,  
ҿз    алдына    Қазақ  хандығын  құруы  сҿз  болады.  азақ  
хандығының құрылуындағы Жҽнібек пен Керейдің  тарихи  
роліне  тоқталады. 
Жҽнібек,  Бұрындық,  Керей,  Ҽбілқайыр  образдарын  
жасауда  шежірешілердің  мағлұматтарына  сүйенген. 
Керей,  Жҽнібек  хандардың  Дешті  қыпшақтың  ханы 
Ҽбілқайырға қарсы күресі арқылы олардың халық қамын 
ойлаған,  елінің  тҽуелсіздігін  армандаған  тұлғалар 
екендігін 
кҿрсетеді. 
Ҽбілқайырдың 
мінезі, 
ішкі 
дүниесіндегі қайшылықтар, қулығы, қаталдығы,   ерлігі – 
бҽрі де ҿз диалектикасымен   ашылған. 
Асан  қайғы,  Қазтуған,  Қотан  жыраулардың  сҿзінде  
халықтық  сана,  халықтық  мінез  басым.  Тҽкежан, 
Күйгенбай,  Қоқыш  секілді  қарапайым  адамдардың  
образына  халқымыздың  ізгілік  қасиеттерін  дарытқан. 
Роман  құрылымында  Ҽбілқайырдың  ата-бабаларының  
тарихы ретроспективті түрде кҿрінеді. 
Шығарманың кҿркемдік  шырайын  танытып тұрған 

  98 
 
 
эпизод – Қазтуған мен Қотанның айтысы. Айтыс 
композициясына автор қазақтың сан ғасырлық тарихының  
тұстарын  екшеп кіргізу арқылы, оны ұтымды  кҿркемдік  
тҽсілге  айналдырды. 
Автор романда қазақ қоғамы дамуының ең бір шешуші 
кезеңіндегі 
– 
ұлт-азаттық 
қозғалысы 
кезеңіндегі, 
Шыңғысхан  қырғынынан  соң  ес  жиып,  ел  болу  қамын 
ойлаған  кезіндегі  ҿмірін  кҿрсетуді  кҿздеген.  1456  ж.    Шу 
ҿзенінің  алқабында  қазақ  хандығы  құрылды.  Орал  мен 
Ертіс  аралығында  жатқан  рулардың  бір-бірімен  неғұрлым 
тығызырақ  бірігіп,  ҿздерін  қазақпыз  деп  атап,  бір 
мемлекетке  топтасуы  сол  кезден  басталды.  Есенберлин 
назарын аударған – тарихтың тек осы тұстағы беттері ғана. 
Автор    бұл  тарихты  негізінен  халқының  бостандық  пен 
тҽуелсіздікке талпынысы тұрғысынан зерттейді. 
Автор  қазақ  хандығы  құрылуының  себептерін 
феодалдардың  ҿзара  дау-жанжалынан  ғана  іздемеуге 
тырысқан.  Қазақтардың  Ҽбілқайыр  билеген  Кҿкордадан 
бҿлінуінің  тарихи  қажеттілігін  іздестіруді  І.Есенберлин  ҽр 
тарапта жүргізеді. 
Рас,  автор  кҿп  ретте  бірыңғай  баяндаумен  ҽуестеніп 
кетеді десек те, тарихи аренаға жаңа шыққан жас халықтың 
қай  жолмен  жүргісі  келетінін  табуға  тырысқаны  айқын 
кҿрінеді. 
Роман  туралы  жазылған  алғашқы  мақалаларда 
романның  бітімі  ескерілмей  жүрді.  Үлкен  ҽлеуметтік-
психологиялық  романға  қойылатын  шартпен  қарап, 
«Алмас қылыштан» ҿзіне тҽн емес қасиеттер іздеу ақиқатқа 
жеткізбейді.  Шығарманың  жетістіктерін  де,  кемшіліктерін 
де  жанрдың  ішкі  заңдылықтарынан  іздеген  жҿн.  Роман-

  99 
 
 
хроникада  тарихи  оқиғаның  тізбегі  күрделі  орын  алуы 
табиғи. 
Басты идея  – қазақ руларының бір хандыққа бірлесуі. 
Автор  шежірелерге  сүйенген.  Романдағы  Ҽбілқайыр, 
Жҽнібек,  Мұхаммед  Шайбани,  Бұрындық  сынды  тарихи 
тұлғалар  мен  Орысбай,  Қоқыш,  Тҽкежан,  Күйгенбай 
секілді  қарапайым  адамдардың  да  бейнесі  бар.  Саян 
бастаған  жігіттердің  ҽрекеті  ханға  қарсы  халық  айбары 
іспеттес.  Романда Шыңғысхан үрім-бұтағының   жүздеген 
жылдарға  созылған  озбырлық  саясатын,  қантҿгіс  соғысын 
ретроспективті  түрде  суреттеген.  Сол  дҽуірдегі  қазақ 
даласының  кҿрінісі  Қазтуған  мен  Қотанның  айтысы 
арқылы  кҿрінген.  Онда  азаттық  жолындағы  күрестердің 
сыры мен сипаты ашылады. 
Романның  идеясы-  ел  бірлігін,  азаттығын,  елдігін 
сақтау.Осы авторлық идеяны жүзеге асыруда ел аузындағы 
материалдарға,  аңыз-ҽңгімелерге  сүйене  отырып,  дҽуір 
тұлғаларының  мемлекеттікті  сақтап  қалудағы  тарихи 
миссиясын айқындауға күш салған.  
«Жанталас»  (1973)    романында  қазақ-қалмақ  қарым-
қатынасының ХҮІІІ ғасырдағы тарихы сҿз болады. Кҿркем 
тҽсілдермен  жасалған  шегіністер  арқылы  алдындағы    екі  
ғасырдың  да  оқиғаларына  иек  артады.  Мұнда  аңыздық, 
шежірелік  стильмен  бірге,  ҽлеуметтік-психологиялық 
талдау  да  байқалады. 
Ілияс Есенберлиннің  заманнан талай жҽбір  кҿріп,  сан 
рет  қияметтің    сират  кҿпірінен  ҿтсе  де,  мұқалмай,  қызыл 
империяның    қара  таңбасы  басылған  тарихи    кезеңдер  
туралы    жазған  романдары  ұлттық  сана    дамуына    үлкен  
ықпалын  тигізді. 
Қаламгердің    тарихи    романдары    жайында  жазылған  
зерттеу  еңбектері  баршылық. Дегенмен, басым кҿпшілігі - 
таптық  деп  аталатын  дағдылы  кҿзқарас  тұрғысынан 
жазылған  дүниелер.  Енді  осы  кҿркем  туындыларды  қайта 

 100 
 
 
таразылау,  жаңаша  пайыммен  уақыт  безбеніне  салу  - 
ҽдебиет зерттеу ісіндегі маңызды міндеттердің бірі болмақ. 
«Алмас  қылыштағыдай»  бұл  романда  да  кҿне  тарих 
қойнауынан  сҿз  тартатын  –  жыраулар.  Бұқар  жыраудың 
Хақназар,  Тҽуекел,  Есім  хандар  жайындағы    ҽңгімесі 
романның    сюжеттік-композициялық  құрылымына  кіріге  
келе,  қазақ  елінің  сыртқы  жаулармен  соғысының      тарихи  
мҽнін   ашып    тұр. 
Абылай  хан  –  Бұқар  жырау  желілерінде    екі  тұлға 
бірін-бірі  толықтырып отырады. Тұлға мен дҽуірдің, тұлға 
мен  халықтың  ҿзара  болмысын  кҿркем  образдар  арқылы 
ашып  кҿрсеткен. 
Тарихи  тұлғаның  болмысын  айқындайтын  қандай 
қасиеттер,  сапалар?  Оларды  тарих  сахнасына  итермелеген  
қандай    күш?  Тарихи    тұлға  характерін    автор  даралай 
алған  ба? деген  сауалдар ҿз-ҿзінен туындайды. Бірақ бұл 
сұрақтардың жауабы күрделі. 
Ілияс  Есенберлин  Хақназар,  Тҽуекел,  Есім,  Абылай,  
Ҽбілқайыр  хандардың,  Бҿгенбай,  Баян    батырлардың,  
Бұқар  жыраудың тарихи ролін  терең  толғап  бейнелейді.  
Ол  үшін  сол  дҽуірдегі  ҽлеуметтік,  саяси  жағдайларды  
бойлай    зерттеп,    ой    түйеді.    Ҽр    характерді    тарихи  
тұрғыдан  сипаттайды. 
Тарихи  тұлғалар  –  елдің    тәуелсіздігіне  ұмтылған  
қоғамдық  күш.  Ендеше,  олардың  жасаған  іс-
әрекеттері  жеке  басындық  мәселеден  жоғары  тұр. 
Олардың  ӛмірі  мен  ӛлімі  де  жеке  адамның 
тағдырынан 
биік 
тұр. 
Тарихи 
характердің  
мәнділігінің ӛзі де осында. 
Үш  ғасырлық  кезеңді  қамтыған  романда  кейіпкерлер 
саны кҿп. Бірақ нақты оқиға үстінде кҿрінетіндері шамалы. 
Кҿпшілігі- эпизодтық деңгейдегі  қаһармандар. Солай бола 
тұрса  да,  олардың  да  авторлық  идеяны  жүзеге  асырудағы 
кҿркемдік мҽнін жоққа шығара алмаймыз. 

 101 
 
 
Ҽбілқайырдың  хатшысы  Құдабай  секілді  екіжүзді 
сатқындарды  сыртқы  жау  ҿз  пайдасына  шебер    пайдалана  
білген.  Сатқындық    мотиві  осы  образға  қатысты  кҿрініс  
береді. 
Құдабай 

Ҽбілқайыр 
ханмен 
Орынбор  
губернаторы 
Неплюевтің 
арасында 
жүрген 
адам. 
Ҽбілқайыр 
Құдабайдың 
сатқындығын, 
екіжүзді 
жымысқылығын  білсе  де,  Неплюевтің  ішкі  сырын  білу 
үшін маңында ұстайды. Сырт қарағанда кҿзі ашық, сауатты 
қазақ  кҿрінгенімен,  ҿмірде  жағдайдың  ҿзгеруіне  қарап 
жалт беріп, опасыздық жасауға бейім. 
Құдабай-сол    кездегі  қазақ  қоғамының  дертіне 
айналған  екіжүзді  азғындардың  жиынтық    образы. 
Қазақтың түбіне жеткен де осы- іштегі дерт. 
Жазушы  романда  аңыз,  шежіре  материалдарын  сол 
қалпында  пайдаланбай  кҿркем  «ҿңдеуден»  ҿткізген. 
Мысалы,  Абылайға  қатысты    тұста    аңыздан    гҿрі  
реалистік    ҽдебиетке  тҽн  тҽсілдер  бірден  аңғарылады. 
Абылайдың  түс  кҿруі  мен оны жорудың сипаты ханның  
ұрпақтарының  тағдыр-талайымен астастырылады. Абылай 
ҽлемінің    күрделілігін,    жұмбағын  ашатын  эпизод 
мазмұнды берілген. Абылайдың  монологтарында, Абылай 
мен  Бұқардың  диалогтарында    мемлекет,  халық,  ұлт 
тҽуелсіздігі  туралы  концепциялары  айқын  кҿрінеді.  Мінез 
логикасын  ашатын да осы кҿркемдік компоненттер. 
Абылайдың  ӛлер  алдындағы:  «…ӛкінішім  –  үш 
жүздің  басын  қоса  алмадым,  аз  елге  хан  болдым. 
Қазаққа  мал  емшегін  емізгенмен,  жер  емшегін  емізе 
алмадым…  ӛзге  жаудан  қазақтың  жерін  қорғаймын 
деп  жүрегенімде  дүние  құрғыр  ӛтіп  кетіпті  ғой»  - 
деген  сӛзінен  ӛмір  бойы  ұстанған  принциптері, 
позициясы білінеді. 
Романдағы Батыр  Баянның ҿз інісі Ноянды атып 
ҿлтіруі аңыз-жыр  желілеріндегі  оқиғаларға сҽйкес  

 102 
 
 
суреттелген.  Автор  Баянның  шешімінің  психологиялық  
жағдайы  мен  дҽлелін  терең  ашуға  ден  қояды.  Ҿкініші  
кетпейтін  ағат  іс  істегенін  сезген  Баянның  жан  азабын,  
трагедиясын  үлкен  сезімталдықпен  суреттеген,  оның  
ҽлеуметтік,  психологиялық  мотивтеріне  айрықша  мҽн  
берген.  Бұл  эпизод  романның  тарихи  негізін  нығайтып,  
халықтық  сипатын тереңдетіп  тұр. 
Романда  Жоңғарияның  жаулаушылық  тарихынан, 
қазақтарға  шабуылды  қалай  ҽзірлегенінен,  соғысынан 
шежіре шертіліп, қазақтың ауыр қасіретке душар болғаны, 
кейін  қазақтардың  бірігіп  Бұланты  ҿзені  мен  Алакҿл 
бойында  жеңіске  жеткені  суреттеледі.  Сонымен  бірге 
Бұқар  Жыраудың  ҽңгімесі  арқылы  ҿткен  тарихтың- 
Хақназар  хан  тұсындағы  жағдайы  мен  қазақ  жұртының 
Бұхар  ханы  Абдолла  ҽскерінен  Сауран  қаласын  қалай 
сақтап  қалған  тарихы  қозғалады.  Ҽрі  қарай  Ҽбілқайыр, 
Бҿгенбай  бастаған  қазақтың  Ордабасында  жоңғарларды 
күйреткені,  Ҽбілқайырдың  орыс  патшасының  қоластына 
енуі, Барақтың Ҽбілқайырды ҿлтіруі сҿз болады. 
Романның  соңында  Абылай  бастаған  қолдың  қазақ 
жерін  жоңғар  мен  Қоқан  билеушілерінен  азат  ету 
жолындағы  даңқты  күресі,  Абылайдың  дербес  хандықты 
тҽуелсіз ету жолындағы ірі істері баяндалады. Шығармада 
Абылайдың  дүниеден  қайтар  алдындағы  Бұхар  Жырау 
екеуінің арасындағы диалогпен бітеді.   
Романда  қазақтың  жоңғар  басқыншыларына  қарсы 
азаттық  күресінің  шешуші  кезеңдері  бейнеленген.  Бұқар 

 103 
 
 
жыраудың  4  ҽңгімесі  арқылы  Хақназар,  Тҽуекел,  Есім 
хандар  кезіндегі  қазақ  елінің  ахуалы,  соғыстар  жайлы 
деректер  берілген.  Сонда  роман  ХҮІІІ  ғасырмен 
шектелмей, арғы дҽуірге де барады.  
«Жанталаста»  кейіпкер  соны  кҿп,  ал  негізгі  сюжет 
үстінде  кҿрінетіні  санаулы  ғана.  Ал  басқалары  белгілі  бір 
оқиға үстінде кҿрініп, кейін қалып жатады. Едҽуір қомақты 
шыққан:  Елшібек,  Қияқ,  Бҿгенбай,  Баян  батырлар, 
Ҽбілқайыр, Абылай, Барақ хан, сұлтандар. 
Ҽбілқайыр  –  ақылды,  ҽскери  дарындылығы  бар, 
табанды,  айлакер  қаһарман  түрінде  кҿрінген.  Оның  ойы, 
арманы  үш  жүзге  хан  болу  еді,  бірақ  ол  арманы 
орындалмайды.  Ресей  патшалығы  оны  кіші  жүздің  ханы 
деп  қана  таниды.  Романда  Ҽбілқайырдың  осы  кезіндегі 
мүшкіл  халі  суреттеген.  Ҽдеттегі  ҿр  мінезін  Орынбор 
губернаторы Неплюевпен кездесу кезінде ұсақтатып алады. 
Ол  патшалықтың  алдында  енді  кішірейіп,  жалынып 
сұрайтын  күйге  жетеді.  Оның  бұл  ҽрекеті    мінез  қырына 
сай кҿрінген. 
Романда  айқын  кҿрінген  тұлға  –  Абылай.Абылай 
алғаш  Тҿле  бидің  түйесін  бағу  үстінде  кҿрінеді. 
Жоңғарларға  қарсы  соғыстағы  даңқты  істері  баяндалады. 
Жазушы  Абылай  образын  жасауда  кҿп  тер  тҿккені 
байқалады. Тарихи жырларды, шежірені пайдаланған. 
Абылай  –  Бұқар  Жыраудың  желісінде  екі  кейіпкердің 
де тұлғасы кеңінен тұлғаланған, сомдалған. 
Кесек  кҿрінетін  қаһарман  –  Батыр  Баян.  Баянның  2-3 
жорығы, кҿзсіз ерлігі, намысшылдығы баяндалады. Қалмақ 
қызының азғыруына ерген інісі Ноянды атып ҿлтіргенде де 
Баян елдік дҽстүр тұрғысынан кҿрінеді.  
Тұлғасы дара кҿрінген образ - Ҽбілқайырдың хатшысы 
Құдабай.  Құдабай  Неплюевтің  тыңшысы  еді.  Құдабай 
бейнесінің тасасында кҿп шындық бар. Патшалық Ресей ҽр 
елдің  кҿкірегі  ашық  адамдарын  сатқындыққа  бейімдеп, 

 104 
 
 
шовинистік мақсатын жүзеге асыруға пайдаланған. Оларда 
ұлттық, халықтық мүдде деген түсінік болмайды. Құдабай 
осы  деңгейде  кҿрінген.  Романда  тарихи  оқиғаларды 
бағалау,  саралау,  түсіндіруде  авторлық  тұрғы  (позиция) 
берік сезіледі.  
Ілияс 
Есенберлиннің 
«Кҿшпенділер» 
роман-
трилогиясы,  «Алтын  Орда»  (1983)  романы  -  қазақ 
ҽдебиетінің  тақырыптық  ҿрісін  ғана  емес,  кҿркемдік  биік 
сапасын,  ҿресін  айқындайтын  туындылар.  Жазушының 
суреткерлік шеберлік сырларын  саралау, даралау  – бүгінгі 
ҽдебиеттану  ғылымының  алдындағы  сүбелі  де  күрделі 
мҽселе. 
Қаламгердің  ҿзгеге  ұқсамайтын,  ҿзіне  ғана  тҽн 
суреткерлік ерекшеліктерін бағдарлап, пайымдаудың ҿзі де 
- оңай іс емес. Бұл нҽтижеге ҽдеби туындының кҿркемдік-
эстетикалық бітімін, поэтикалық жүйесін зерделеу арқылы 
қол  жеткізуге  болады.  Ол  үшін  бір  шығарма  аясында 
қалмай, басқа да романдармен салыстыра қарастыру қажет. 
І.Есенберлиннің тарихи романдары қазақ прозасына 
жаңа ҿріс, жаңа кҿркемдік бағыт ашты. Бұл жылдардың 
айрықша сипаты – тарихи оқиғаларға, деректілікке ден  
қойған туындылар қатарының кҿбеюі. Тіпті бұл тарихи 
романдарды ҿз алдына бір кҿркемдік мектеп десе, асыра 
айтқандық болмас.  
І.Есенберлин мектебінен үйренген қазақ романшылары 
осы дҽстүрді ҽрі қарай жалғастырып, тарихи роман 

 105 
 
 
жанрындағы тұлға концепциясын  шешудің сан қырлы 
үлгілерін ұсынды. Ҿткен тарихи дҽуірді жеке адам 
факторы арқылы зерттеуді қолға алып, осы бағытта қол 
жеткен тың дүниелерді ҽкелді. Ол шығармалар ҿзінің 
кҿркемдік-эстетикалық, философиялық-психологиялық, 
танымдық құндылығы жағынан  оң бағаға ие болып келе 
жатыр. 
І.Есенберлин  роман-трилогиясында  қазақ  ұлтының 
қалыптасуы  мен  даму  процесінің  кезеңдеріне  мҽн  береді. 
Оның образдарының, образ жүйелерінің ҿзгешелігі осында. 
Хронологияық  ретпен  суреттеудегі  сараңдық,    адам 
аттарының  молдығы  мен  оқиғаның  қоюлығы,  ішкі 
монологтың  күштілігі  –  осының  бҽрі  қазақ  мелекетінің 
іргесі  қалана  бастаған  дҽуір  жайында  неғұрлым  кҿбірек 
материал  беруге  талаптанудан  туған.  Роман-хроника, 
роман-шежіреден  бұдан  артықты  күтудің  реті  жоқ.  Осы 
тұрғыдан  келгенде  «Кҿшпенділерге»  ҿзінің  жанрлық 
құрылымымен  үйлеспейтін  талаптар  қою  ретсіз.  Роман  
ХҮ-ХІХ ғғ. оқиғаларын қамтыған. 
 
Негізгі әдебиеттер: 
1.
 
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994. 
2.
 
Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975. 
3.
 
Елеукенов Ш. Ҽдебиет жҽне ұлт тағдыры.-Алматы, 
1996. 
4.
 
Дҽдебаев  Ж.  Ҿмір  шындығы  жҽне  кҿркемдік 
шешім.-Алматы,1991. 

 106 
 
 
5.
 
Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996. 
6.
 
Рахымжанов  Т.  Романның  кҿркемдік  ҽлемі.-
Алматы, 1994. 
7.
 
Майтанов  Б.  Қазақ  романы  жҽне  психологиялық 
талда.-Алматы,1996. 
8.
 
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002. 
9.
 
Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 
10.
 
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет 
ҽдебиеті.-Алматы, 1987. 
11.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дҽуіріндегі  қазақ  ҽдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
12.
 
Дҽдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
13.
 
Қазақ  ҽдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.
 
Алпысбаев  Қ.  Тарихи  шығарма:  таным  жҽне 
кҿркемдік шешім.-Алматы, 2000. 
2.
 
Ҽшімбаев  С.  Шындыққа  сүйіспеншілік.  –Алматы, 
1985. 
3.
 
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы, 1994. 
4.
 
Дҽдебаев Ж. Қазіргі қазақ ҽдебиеті.-Алматы, 2002. 
5.
 
Кҽрібаева  Б.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиетінің  кҿркемдік 
даму арналары.-Астана, 2002. 
6.
 
Қирабаев  С.  Ұлт  тҽуелсіздігі  жҽне  ҽдебиет.-
Алматы, 2001.  
7.
 
Жұмаділова 
Н. 
1960-90-жылдардағы 
қазақ 
романы.-Қарағанды,2003. 
 
 
Лекция 
5. 
Т.Ахтановтың 
ӛмірі 
мен 
шығармашылығы 
 

 107 
 
 
Жоспары: 
1.
 
Т.Ахтановтың 
шығармашылығы. 
Әңгіме-
повестері. Психологизм, лиризм. 
2.
 
Т.Ахтанов  романдарындағы  тарихи  шындық 
және кӛркемдік шешім.  
3. Т.Ахтановтың драматургиясындағы тартыс және 
характер. 
4. Тахауи Ахтановтың сын мұрасы. 
 
1. 
Т.Ахтановтың 
шығармашылығы. 
Әңгіме-
повестері.  Психологизм,  лиризм.  1960-жылдары  қазақ 
ҽдебиетіне  жазушылардың  жаңа  легі  келді:  М.Мағауин, 
Қ.Жұмаділов,  С.Мұратбеков,  Д.Исабеков,  Д.Досжанов, 
Т.Нұрмағамбетов,  Ҽ.Кекілбаев,  О.Бҿкеев,  С.Сматаев, 
Қ.Ысқақов,  Р.Тоқтаров,  Ш.Мұртаза,  Ҽ.Тарази,  С.Жүнісов 
т.б.  Олар  қазақ  прозасына  кҿркем  ойдың  тың    үлгілерін, 
жаңа ҿлшемдерін ҽкелді.  
60-жылдардағы  проза  дегенде,  біз  бұған  дейінгі 
классикалық  ҽдебиет  үлгілерінен  қол  үзбейміз,  керісінше, 
алдыңғы  дҽуірлердегі  ҽдебиеттің  заңды  жалғасы  ретінде 
қараймыз. 
Ерекше  бір  атап  ҿтерлік    жҽйт  –  бұл  ҽдеби  кезеңнің 
М.Жұмабаев, 
М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов, 
Ш.Құдайбердіұлы,  Ж.Аймауытов  т.б.сынды  кҿркемсҿз 
алыптарының  мектебінен  қол  үзіп  қалғандығы.  Бұл 
құбылыс  90-жылдарға  дейін  жалғасты,  яғни,  еліміз 
егемендігін  алып,  арыстарымызды  ақтап  алғанға  дейін  ҿз 
үстемдігін құрды. 
Дегенмен, 
қаламгерлеріміз 
қоғам 
дамуындағы 
қайшылық-тарды сезді, мүмкіндігінше астарлы түрде болса 
да,  айтуға  тырысты.  Жазушылар  жадағай  мақтаудан  гҿрі, 
ҿмірдің  қайшылықты,    кҿлеңкелі    жақтарына    кҿңіл    бҿле  
бастады.  Кеңес  жүйесіндегі  ҽдебиеттің  бір  ерекшелігі  – 

 108 
 
 
онда  тарихи  тақырыптан  гҿрі  ҿндіріс,  ауылшаруашылығы  
тақырыптарына ерекше  мҽн берілді  жҽне  бұл туындылар  
кҿркем    түйіні,  философиялық  тереңдігінен    гҿрі 
тақырыбының    ҿзектілігімен    ҿлшенді.    Мұны  ҽдебиет  
сыншылары да кемшілік деп танып, ҽр кез сын нысанасына  
айналдырған.    Тақырып    ҿзектілігін    қуамыз    деп,  кҿркем  
дүниелердің  үстірт  шыққан  тұстары  да  аз  емес.  Ауыл 
шаруашылығында  еңбек  етіп  жүрген  адамдардың  мінезін 
даралаймын  деп,  қала    ҿміріне  кереғар    құбылыстарды 
тҽптіштеп суреттеу сҽттері де кездеседі. 
Бұл  ҽдебиетте  ҿмір  шындығын  партиялық,  таптық 
тұрғыдан  бейнелеу принципінен туындаған құбылыс екені 
бүгінде  ешкімге  жасырын  емес.  Кез-келген    туынды  
уақыттың,  дҽуірдің,  тарихи кезеңнің  шындығын  кҿркем  
игеруімен  құнды  дейтін болсақ, сол шындықты ашудағы  
суреткердің  ізденістері    мен  іркілістері  обьективті 
тұрғыдан  бағалануы тиіс. 
60-  жылдары  проза  жанрында  халық  ӛмірінің 
әрқилы  шындығын  бейнелеген    романдар  кӛптеп 
жазылды.  Ӛмірдің  әдебиеттегі  бояма  кӛріністері 
сыналғаннан  кейін  қаламгерлер қоғам дамуындағы 
қайшылықты,  келеңсіз  құбылыстарға  ден  қойды. 
Жаңа  заман    тақырыбын    игеру,  жаңа    адамның  
образын  жасау  қаламгерлердің  басты  міндеттерінің  
қатарынан  саналды. 
Бұл 
тұста 
жазушылар 
образ 
логикасы 
мен 
диалектикасын  кҿрсетуге,  ҿмір  шындығын  характерге 
психологиялық  талдау  жасау  арқылы  ашуға  бағыт  алды. 
Кеңестік  жүйенің  дамуындағы  қайшылықтарды  тереңінен 
суреттемесе  де,  астарлы  оймен  жеткізуге  мүмкіншілік 
алды. 
60-жылдар    тарих,  қоғам,  адам  шындығын  ашуда 
жаңа  поэтикалық  түрлер  мен  бейнелеу  құралдарын 
әкелді.Жазушылар  гуманизмді    кӛркем  характер 

 109 
 
 
жасаудың 
негізгі 
ӛлшеміне 
айналдырды. 
Сыңаржақты  авторлық  баяндаудан  бас  тартып, 
кейіпкердің 
«ӛзін-ӛзі 
тануына», 
«ӛзін-ӛзі 
әшкерелеуіне», ӛзінің рухани болмысына бойлап,  ақ-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет